Новости Казахстана, Новости России и мира,Обновляемая лента новостей

Винтоверт DeWalt PowerStack DCF850E1T-QW АКБ и ЗУ в комплекте

Винтоверт DeWalt PowerStack DCF850E1T-QW АКБ и ЗУ в комплекте

Шымкент: Көңіл көтеру орнында таратуға арналған есірткі саудасының жолы кесілді

KAZAKBOL.COM

Шымкент қаласы Полиция департаменті Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлерімен жүргізілген кешенді жедел-іздестіру іс-шаралары барысында қаладағы көңіл көтеру орындарының бірінің 31 жастағы әкімшісі ұсталды.

Жеке тінту барысында азаматшадан өзімен бірге болған есірткі заттары салынған полиэтиленді пакет тәркіленіп алынды.

Сараптама қорытындысына сәйкес, тәркіленген заттың «мефедрон» синтетикалық есірткісі екендігі расталып, жалпы салмағы 48 грамды құраған.

Тергеу әрекеттері барысында аталған есірткі затының көңіл көтеру орнында келушілерге таратуға арналғаны анықталды.

Қосымша жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде, есірткіні әкімшіге алып келген 31 жастағы ер-азамат екені анықталып құрықталды.

Қазіргі кезде екеуі де уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды.

Аталған дерек бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 296-бабы 4-бөлігімен (аса ірі мөлшердегі есірткі, психотроптық заттарды, сол тектестерді өткізу мақсатынсыз заңсыз дайындау, қайта өңдеу, иемдену, сақтау, тасымалдау) қылмыстық іс қозғалып, сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде.

Полиция қызметкерлері есірткі заттарын қоғамдық орындар мен адамдар көп шоғырланатын жерде таратқаны үшін қатаң жауапкершілік көзделгенін ескертеді.

Шымкент қаласы Полиция департаментінің Баспасөз қызметі

KAZAKBOL.COM

Milwaukee M18 FUEL FPD3-0X ударная дрель-шуруповерт

Вам также могут понравиться

MAKITA DF001GZ, АКБ и ЗУ в комплекте

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.

Уважаемые посетители KAZAKBOL.COM ! Оставляя комментарии, проявляйте уважение и терпимость к мнению других пользователей. Сообщений, приводящих к разжиганию конфликтов, расистских высказываний, провокаций, оскорблений и дискуссий, не относящихся к теме статьи будут удаляться. Ссылки на сторонние ресурсы в комментариях запрещены. Подобные сообщения будут удаляться, а их авторы будут забанены.Мы не несем ответственность за форму и характер выставляемых комментариев.

KAZAKBOL.COM