Новости Казахстана, Новости России и мира,Обновляемая лента новостей

Шымкент полицейлері өз ауласында өсімдігін өсіріп келген жергілікті тұрғыннан 636 түп «сора» тәркіледі

KAZAKBOL.COM

Шымкент қаласының Полиция департаменті Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері «Қарасора-2022» жедел-профилактикалық іс-шарасы барысында өз үйінде ірі көлемде құрамында есiрткi заттары бар, өсiруге тыйым салынған өсiмдiктердi заңсыз егіп-өсірген азаматты анықтады. Ол — 1965 жылы туылған жергілікті тұрғын болып шықты.

Күдіктіні ұстау және заңсыз іс-әрекеттерін әшкерелеу шараларына Қаратау АПБ жергілікті полиция қызметі бөлімі №67 учаскелік полиция пунктінің учаскелік полиция инспекторлары мен Патрульдік полиция полкінің №852 экипаж қызметкерлері қатысты.

Тексеру барысында 57 жастағы азаматтың тұрғылықты мекенжайынан жалпы салмағы 47,5 кг құрайтын 636 түп есірткі өсімдігі тәркіленіп алынды.

Сараптама қорытындысына сәйкес, тәркіленген есірткі өсімдігі «сора» тұқымына жататыны анықталды.

Бүгінде аталған азаматқа қатысты сотқа дейінгі тергеп-тексеру жұмыстары жүргізілуде.

Айта өтетін ақпарат, күдікті бұрын да осыған ұқсас қылмысты жасағаны үшін сотты болған.

Шымкент қаласы Полиция департаментінің Баспасөз қызметі

KAZAKBOL.COM
Вам также могут понравиться

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.

Уважаемые посетители KAZAKBOL.COM ! Оставляя комментарии, проявляйте уважение и терпимость к мнению других пользователей. Сообщений, приводящих к разжиганию конфликтов, расистских высказываний, провокаций, оскорблений и дискуссий, не относящихся к теме статьи будут удаляться. Ссылки на сторонние ресурсы в комментариях запрещены. Подобные сообщения будут удаляться, а их авторы будут забанены.Мы не несем ответственность за форму и характер выставляемых комментариев.

KAZAKBOL.COM