Новости Казахстана, Новости России и мира,Обновляемая лента новостей

Шымкентте әскери қызметшілер мамандық бойынша дайындықтан өтуде

KAZAKBOL.COM

Жазғы оқу кезеңінің басталуымен 2023 жылғы 6 маусым мен 4 шілде аралығында «Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығының механикаландырылған бригадасында мамандық бойынша дайындық басталды, оның барысында 1,2 мыңнан астам әскери маман даярлау жоспарланған.

 

Мамандық бойынша дайындық сабақтары ағымдағы жылдың шілде айының басына дейін өтеді. Осы уақыт ішінде механикаландырылған бригадада барлығы 1,2 мыңнан астам әскери қызметші дайындықтан өтеді. Бригадада барлығы 100-ден астам оқу тобы құрылып, 200-ге жуық тәжірибелі нұсқаушы тағайындалды, олармен жоғарғы басшылық тарапынан нұсқау-әдістемелік сабақтар өткізілді.

Оқу топтарымен сабақтар казармада, оқу корпустарында, тактикалық алаңда, сондай-ақ оқу полигондарында өткізіледі. Сабақ барысында интерактивті тақталар, бейнероликтер және көрнекі материалдар қолданылады.

-Мамандық бойынша дайындық барысында әскери қызметшілердің алдында атқаратын лауазымдар көлеміндегі функционалдық міндеттерді зерделеу, өз мамандықтары бойынша қызметтік, оқу-жауынгерлік міндеттерді орындау үшін қажетті штаттық қару-жарақ пен әскери техниканың материалдық бөлігін игеру міндеті тұр, — деп атап өтті бригада командирі подполковник Дастан Мұхамеджанов.

Мамандық бойынша дайындық барысында оқу тренажерлары мен полигондарда орындалған практикалық сабақтар мәселелеріне ерекше назар аударылатын болады.

Оқу материалын игеру деңгейін анықтау үшін даярлау аяқталғаннан кейін әскери қызметшілермен оқу пәндері бойынша бақылау сабақтары өткізіледі.

Шымкент гарнизонының баспасөз қызметі

KAZAKBOL.COM
Вам также могут понравиться

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.

Уважаемые посетители KAZAKBOL.COM ! Оставляя комментарии, проявляйте уважение и терпимость к мнению других пользователей. Сообщений, приводящих к разжиганию конфликтов, расистских высказываний, провокаций, оскорблений и дискуссий, не относящихся к теме статьи будут удаляться. Ссылки на сторонние ресурсы в комментариях запрещены. Подобные сообщения будут удаляться, а их авторы будут забанены.Мы не несем ответственность за форму и характер выставляемых комментариев.

KAZAKBOL.COM