Новости Казахстана, Новости России и мира,Обновляемая лента новостей

Шымкентте: 40 миллион теңгеге жуық ақша жымқырған алаяқ келіншек ұсталды

KAZAKBOL.COM

Соңғы уақытта мемлекет тарапынан қарастырылған жеңілдіктер мен бағдарламаларды өзінің бас пайдасы үшін қолданып, халықты алдаушылар баршылық. Арасында қылмыстың өтеуі жаза екендігін білсе де, азғындық жасайтындар да кездеседі. Мәселен, Шымкент қаласы Полиция департаменті қызметкерлерімен осындай оңай жолмен пайдаға кенелгендер құрықталды.

Нақтырақ айтсақ, Шымкент қаласы Полиция департаменті Абай аудандық полиция басқармасына жергілікті тұрғын арызданып, алаяқтарға алданғанын жеткізеді. Егде жастағы әйелдің айтуынша, ағымдағы жылдың 3-наурызында белгісіз азаматшаның қайтарымсыз мемлекет тарапынан пәтер алып беремін деп сендіргенін айтқан. Содан белгілі мекен-жайда алаяқ әйел 9 000 000 теңгені қолды қылып, қазіргі уақытқа дейін алдап келгенін көрсеткен.

Аталған жайт ҚР ҚК-нің 190-бабы “Алаяқтық” бойынша тіркеуге алынды.
Дәл осы жағдаймен полицияға тағы бірнеше тұрғын шағымданып, жоғарыдағыдай алаяқтардың арбауына түскенін жеткізген. Келіп түскен ақпараттар аясында жедел-іздестіру іс-шарасын жүргізген Шымкенттік қырағы полицейлер, күдікті ретінде жас келіншекті ұстады.

Бір жарым жыл ішінде Шымкент пен Түркістан облысының тағы 39 тұрғыны оның құрбаны болған. Олардың кейбіріне пәтерден бөлек, бизнесін қолдау үшін мемлекеттен ақша да уәде етілген.
Келтірілген шығынның жалпы сомасы 40 миллион теңгеге жуық.
Қазіргі таңда тергеу амалдары жүргізіліп, іс сотқа жолданды.

Өз кезегінде, Шымкент қаласының полицейлері, алаяқтық немесе басқа да қылмыстарды болдырмау үшін тұрғындарға қауіпсіздік шараларын сақтауға кеңес береді. Кез-келген адамға сенбей, өзінің жеке мәліметтеріне, құжаттарына сақ болуды ескертеді.

Шымкент қ. ПД-нің баспасөз қызметі

KAZAKBOL.COM
Вам также могут понравиться

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.

Уважаемые посетители KAZAKBOL.COM ! Оставляя комментарии, проявляйте уважение и терпимость к мнению других пользователей. Сообщений, приводящих к разжиганию конфликтов, расистских высказываний, провокаций, оскорблений и дискуссий, не относящихся к теме статьи будут удаляться. Ссылки на сторонние ресурсы в комментариях запрещены. Подобные сообщения будут удаляться, а их авторы будут забанены.Мы не несем ответственность за форму и характер выставляемых комментариев.

KAZAKBOL.COM