Новости Казахстана, Новости России и мира,Обновляемая лента новостей

Бозымбаев жұмысшыларын тығып қойған қытайлық компанияға қатаң ескерту жасады

KAZAKBOL.COM

Қанат Бозымбаев. Фото: oinet.kz

Өткен аптада Энергетика министрі Қанат Бозымбаев Шымкенттегі модернизация жасалып жатқан мұнай өңдеу зауытының жұмысын тексерді. Министрмен бірге Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі Жансейіт Түймебаев та келді деп жазады  oinet.kz.

Министр мен әкім зауыт басшылығы дайындаған стендке аялдап, жоба-жоспармен танысты. Зауыт басшылығының сөзіне қарағанда, зауытты қайта жабдықтау мен жөндеу жұмыстары аяқталуға жақын. Жұмысы бірнеше жылға созылып, қайта-қайта кейінге шегерілген жабдықтау жұмыстары 2018 жылы толық аяқталады.

Шымкент мұнай өңдеу зауытының 50 пайыз үлесі «ҚазМұнайГаз» АҚ-ға тиесілі болса, тағы 50 пайызы қытайлық CNPC компаниясының иелігінде. Сол себепті де министр Бозымбаев кездесу барысында қытайлық әріптестеріне қатқылдау ескерту жасады.

Министр ескертуінің жөні бар. Өйткені зауытты модернизациялау тым кешеуілдеп кеткен.

«Жоба 2016 жылы аяқталуы тиіс болатын. Алайда екі жылға тағы шегерілді. Бұған не себеп болды?» деп сұрады Қанат  Бозымбаев. Бұл сұраққа «ҚазМұнайГаздың» мұнай мен газды өңдеуге жауапты вице-президенті Данияр Тиесов жауап берді. Тиесовтің айтуынша, бұған жобаның тиімділігін түпкілікті зерттеу, жоба-сметалық құжаттар дайындау және қаржыландыру жұмыстары созылып кеткені себеп болған.

Тиесовтен тиісті жауап алған соң министр сұрағын қытайлық компанияның басшылығына бағыттады.

«Петро Қазақстан Ойл Продактс» ЖШС президенті Цзян Шиден «Жұмыс алаңында қанша адам бар?» деп сұрады. Цзян Ши «4000 адам бар» деп жауап берді.

«Жаңа ғана біз сол жерден өткенде мұнша адамды байқамадым. Олардың бәрін қайда тығып қойдыңыздар?», — деді Бозымбаев. Цзян Шидің жауабы дайын екен: «Мен де алғашында бұған таңданып қалдым. Бірақ мұнда жұмыс учаскелері көп. Жұмыскерлердің бәрі сонда» деп жауап берді.

Қанат Бозымбаев бұл сұрақты бекерге қойып отырмағанын ескертті. Жұмыс күші, құрал-жабдық, қаржыландыру жөнінен кедергі жоқ екенін айтқан министр бірер күнде CNPC компаниясының президентімен кездесетінін, егер жобаның аяқталу мерзімі бұдан әрі созылып кететін болса, мерзімі бітуге жақын қалған келісімшартты ұзартпайтынын қадап ескертті.

Егер жауапты тараптар уәдесінде тұрса, Шымкент мұнай өңдеу зауыты 2018 жылдың шілдесінде алғашқы өнімін береді және жылына 6 миллион тонна өнім өндірмек.

KAZAKBOL.COM
Вам также могут понравиться

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.

Уважаемые посетители KAZAKBOL.COM ! Оставляя комментарии, проявляйте уважение и терпимость к мнению других пользователей. Сообщений, приводящих к разжиганию конфликтов, расистских высказываний, провокаций, оскорблений и дискуссий, не относящихся к теме статьи будут удаляться. Ссылки на сторонние ресурсы в комментариях запрещены. Подобные сообщения будут удаляться, а их авторы будут забанены.Мы не несем ответственность за форму и характер выставляемых комментариев.

KAZAKBOL.COM