Новости Казахстана, Новости России и мира,Обновляемая лента новостей

Шымкентте 57 жастағы тұрғыннан 6 келі марихуана тәркіленді

KAZAKBOL.COM

Шымкент қаласының Полиция департаменті Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері «Қарасора-2022» жедел-профилактикалық іс-шарасы бойынша жедел-іздестіру шараларын жүргізу барысында өз үйінде ірі көлемде есірткі заттарын сақтаған 1965 жылы туылған жергілікті тұрғынды құрықтады.

Тексеру барысында аталған азамат есірткі заттарын 90 дана полиэтиленді пакеттерге бөлшектеп салып, құрылыс шелектеріне жасырғаны анықталып, тәркіленіп алынды.

Сараптама қорытындысына сәйкес, тәркіленген есірткі заты «кептірілген марихуана» екендігі белгілі болды және жалпы салмағы 6 кг 363 гр құрады.

Сонымен қатар, тұрғылықты мекенжайы бойынша қосымша тексеру барысында 2 түп сора есірткі өсімдігі алынды.

Бүгінде аталған азаматқа қатысты сотқа дейінгі тергеп-тексеру жұмыстары жүргізілуде. Күдікті қамауға алынды.

Шымкент қаласы Полиция департаментінің Баспасөз қызметі

KAZAKBOL.COM
Вам также могут понравиться

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.

Уважаемые посетители KAZAKBOL.COM ! Оставляя комментарии, проявляйте уважение и терпимость к мнению других пользователей. Сообщений, приводящих к разжиганию конфликтов, расистских высказываний, провокаций, оскорблений и дискуссий, не относящихся к теме статьи будут удаляться. Ссылки на сторонние ресурсы в комментариях запрещены. Подобные сообщения будут удаляться, а их авторы будут забанены.Мы не несем ответственность за форму и характер выставляемых комментариев.

KAZAKBOL.COM