Новости Казахстана, Новости России и мира,Обновляемая лента новостей

Шымкентте ақылы жолға наразылардың жетекшісі Әбдірахым Бейсен 15 күнге қамалды

KAZAKBOL.COM

28 қыркүйекте кешке ақылы жолға наразылық білдірген жүргізушілердің жетекшісі Әбдірахым Бейсенді Шымкент соты 10 және 5 күнге қамау туралы қаулы шығарды.

Бейсен әлеуметтік желі арқылы Шымкент қаласы әкімдігінің алдында 30 қыркүйек күні наразылық білдіруге шақырды және «билік өкіліне қарсылық білдірді» деп айыпталған. Бұл туралы сот кабинеті қосымшасында Шымкент қалалық мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотынының қаулысы ілінді.

Қаулыға қарағанда, 44 жастағы Әбдірахым Бейсенге «бейбіт жиын өткізу тәртібін бұзу» (Әкімшілік кодекстің 488-бабы 7-бөлігі) және «билік өкіліне қарсылық білдіру» (667-бап) баптары бойынша айып тағылған. Ол сотта «өз кінәсін мойындаған».

Белсендінің босатуын талап еткен оннан аса белсенді 28 қыркүйек түнде қаладағы әкімшілік жазаға тартылғандар жазасын өтейтін орталыққа барды. Белсенді Нұрлыбай Татаевтың айтуынша, 30 қыркүйекте наразылар ақылы жолға, дизель отынының қымбаттауына, мәжбүрлі вакцинаға қарсылық білдірмек болған.

Бұдан бұрын да Әбдірахым Бейсенді полиция ұстаған. Белсенді бұл жолы қамауда 15 күн болады.

Мамырдың соңында Қазақстанның бірнеше аймағында жолдардың ақылы болуына байланысты алыс жолға жүк көліктерін айдайтын жүргізушілер наразылыққа шыққан еді. Олар жол сапасының нашарлығын, жанармайдың қымбаттағанын, тасымал бағасының төмендігін алға тартқан.

2 маусымда индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Бейбіт Атамқұлов «ақылы жол әлемдік тәжірибеде бар нәрсе, кім жолды пайдаланса, сол жағдайына да жауапты» деп мәлімдеген. Министрлік 2025 жылға дейін — 11 мың шақырым автомобиль жолы, оның ішінде биыл 5,8 мың шақырым жол ақылы болатынын айтқан.

Источник

KAZAKBOL.COM
Вам также могут понравиться

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.

Уважаемые посетители KAZAKBOL.COM ! Оставляя комментарии, проявляйте уважение и терпимость к мнению других пользователей. Сообщений, приводящих к разжиганию конфликтов, расистских высказываний, провокаций, оскорблений и дискуссий, не относящихся к теме статьи будут удаляться. Ссылки на сторонние ресурсы в комментариях запрещены. Подобные сообщения будут удаляться, а их авторы будут забанены.Мы не несем ответственность за форму и характер выставляемых комментариев.

KAZAKBOL.COM