Новости Казахстана, Новости России и мира,Обновляемая лента новостей

Шымкентте батальон командирлерімен жиын өтті


Теориялық сабақтар барысында офицерлерге қазіргі қарулы қақтығыстарда әскерлерді қолдану ерекшеліктерін ескере отырып, жауынгерлік оқуды ұйымдастыру бойынша өзекті әдістемелер мен талаптар жеткізілді.

 

Жиынның негізгі мақсаты әртүрлі бағыттағы сабақтарды ұйымдастырып өткізуде офицерлердің әдістемелік дайындығын жетілдіру, жеке құрамды оқыту мен тәрбиелеудің жаңа нысандарын әзірлеу болды.

Оқитындар ұрыстың негізгі түрлерінде тактикалық міндеттерді пысықтады: қорғаныс және шабуыл, жауынгерлік және қызметтік құжаттарды жүргізу, жауынгерлік тапсырмаларды алу кезіндегі командирдің жұмыс алгоритмі.

– Қазіргі жағдайда командир ұрысты ұйымдастыру кезінде шешуі керек міндеттер көлемі едәуір өсті, ал бұл үшін бөлінген уақыт айтарлықтай қысқарды. Сонымен бірге, дұрыс шешім қабылдау үшін жауынгерлік жағдай элементтерінің өсіп келе жатқан санын бағалау қажет. Сондықтан командир терең теориялық білімге және жоғары кәсіби шеберлікке болуы ие керек. Сондықтан батальондар (дивизиондар) командирлерінің санатымен осындай сабақтар үнемі өткізіліп тұрады, – деп атап өтті механикаландырылған бригада командирі подполковник Нүркен Қарағұлов.

Жиын қорытындысында батальон (дивизион) командирлері кешенді емтихан тапсырды.

 

Шымкент гарнизонының баспасөз қызметі

KAZAKBOL.COM
Вам также могут понравиться

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.

Уважаемые посетители KAZAKBOL.COM ! Оставляя комментарии, проявляйте уважение и терпимость к мнению других пользователей. Сообщений, приводящих к разжиганию конфликтов, расистских высказываний, провокаций, оскорблений и дискуссий, не относящихся к теме статьи будут удаляться. Ссылки на сторонние ресурсы в комментариях запрещены. Подобные сообщения будут удаляться, а их авторы будут забанены.Мы не несем ответственность за форму и характер выставляемых комментариев.

KAZAKBOL.COM