Новости Казахстана, Новости России и мира,Обновляемая лента новостей

Шымкентте бір аптата бейнебақылау арқылы 10 қылмыс ашылды

KAZAKBOL.COM

Ағымдағы жылдың 30 қаңтары мен 5 ақпаны аралығында Шымкент қаласы полиция департаментінің жедел басқару орталығының «102» арнасына түрлі сипаттағы 7928 қоңырау түсті.

Бір апта ішінде бейнебақылау камераларының көмегімен 10 қылмыс ашылды: ұрлық, бұзақылық, автокөлікті заңсыз иемдену жайттары және т.б. Атап өтейік, бейнебақылау камералары құқық бұзушылықтардың алдын алуға және қылмыстарды ізін суытпай ашуға үлкен көмек көрсетеді.

Бұдан басқа, 1252 әкімшілік құқық бұзушылық анықталды: ҚР ӘҚБтК-нің 434-2-бабы бойынша (Ортақ пайдаланылатын орындарды ластау) -220, ҚР ӘҚБтК-нің 440-бабы бойынша (алкогольдік ішімдіктерді ішу немесе қоғамдық орындарда мас күйінде пайда болу) — 55, ҚР ӘҚБтК-нің 449-бабы бойынша (қоғамдық орындарда тиісу)-10, жол қозғалысы ережелерін бұзу жайттары — 798, 169 өзге де құқық бұзушылықтар.
Мегаполистің тәртіп сақшылары құқық бұзушылық үшін жауапкершілік қарастырылғанын және қоғамдық орындарда құқықтық тәртіпті қатаң сақтау қажеттігін еске салады.

Шымкент қаласы полиция департаментінің баспасөз қызметі

KAZAKBOL.COM
Вам также могут понравиться

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.

Уважаемые посетители KAZAKBOL.COM ! Оставляя комментарии, проявляйте уважение и терпимость к мнению других пользователей. Сообщений, приводящих к разжиганию конфликтов, расистских высказываний, провокаций, оскорблений и дискуссий, не относящихся к теме статьи будут удаляться. Ссылки на сторонние ресурсы в комментариях запрещены. Подобные сообщения будут удаляться, а их авторы будут забанены.Мы не несем ответственность за форму и характер выставляемых комментариев.

KAZAKBOL.COM