Новости Казахстана, Новости России и мира,Обновляемая лента новостей

Шымкентте күйеу жігіттен екі қыз қалыңдыққа “опасыздық жасаған” видеосын көрсетеміз деп ақша бопсалаған

KAZAKBOL.COM

Шымкентте күйеу жігіттен екі қыз қалыңдыққа “опасыздық жасаған” видеосын көрсетеміз деп ақша бопсалаған, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Шарасыз жігіт Әл-Фараби ауданының полицейлеріне бопсалау туралы арызбен жүгінді. Жәбірленушінің айтуынша, екі қыз оның ескі танысы, ер адамды алдап үйіне шақырған.

Жігіт пәтерге кірген бойда қыздардың бірі болып жатқан жайтты жалған сипаттап, оны смартфонға түсіре бастаған. Алдағы үйлену тойын білген құрбы қыздар күйеу жігіттен видеоны өшіру үшін 200 мың теңге талап етіп, жазбаны қалыңдыққа көрсетеміз, тойыңды бұзамыз деп қорқытқан.

Сүйіктісін жоғалтқысы келмеген ер адам олармен келісімге келіп, оқиға туралы полицияға хабарлаған. Тәртіп сақшылары қыздарды қылмыс үстінде ұстады.

– Аталған жайт ҚР Қылмыстық кодексінің 194-бабы (Қорқытып алу) бойынша тіркелді. Қазіргі таңда, Әл-Фараби аудандық полиция басқармасы сотқа дейінгі тергеу амалдарын жүргізіп жатыр. Оның нәтижесімен іс бойынша процессуалдық шешім қабылданады, — деді тергеуші Жалғас Халила.

KAZAKBOL.COM
Вам также могут понравиться

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.

Уважаемые посетители KAZAKBOL.COM ! Оставляя комментарии, проявляйте уважение и терпимость к мнению других пользователей. Сообщений, приводящих к разжиганию конфликтов, расистских высказываний, провокаций, оскорблений и дискуссий, не относящихся к теме статьи будут удаляться. Ссылки на сторонние ресурсы в комментариях запрещены. Подобные сообщения будут удаляться, а их авторы будут забанены.Мы не несем ответственность за форму и характер выставляемых комментариев.

KAZAKBOL.COM