Новости Казахстана, Новости России и мира,Обновляемая лента новостей

ШЫМКЕНТТЕ ЖҮК КӨЛІГІНІҢ ЖҮРГІЗУШІСІ ЖОЛ КӨЛІК ОҚИҒАСЫН ЖАСАҒАНЫ ҮШІН ЖАУАПҚА ТАРТЫЛДЫ

KAZAKBOL.COM

Ағымдағы жылдың 17- шілде күні Шымкент қаласы Жиделібайсын көшесі мен Шардара көшесінің қиылысында жол көлік оқиғасы орын алған.

Белгілі болғандай, “Хова” маркалы автокөліктің жүргізушісі бағдаршамның қызыл түсі жанғанда рульдік басқару жүйесін игере алмай, тоқтап тұрған 7 автокөліктің артынан соқтығысқан. Апат салдарынан адам шығыны жоқ, тек көліктерге материалдық шығын келтірілген.

Аталған жайтқа қатысты жол апатын жасаған “Хова” жүргізушісіне ӘҚБтК-нің 610-бабы 2-бөлігі «Көлiк құралдары жүргiзушiлерінiң жол жүрісі қағидаларын адамдардың денсаулығына зиян келтiруге, көлiк құралдарының немесе өзге де мүлiктiң бүлінуіне алып келген бұзушылығы» бойынша хаттама түзіліп, құжаттар Әкімшілік полиция басқармасына жолдануда.

Өз кезегінде, Шымкенттік полицейлер, жол қозғалысына қатысушыларға жолда абай болуға және жол қауіпсіздігі ережесін бұзбауға, жылдамдықты асырмауға, қашықтықты сақтауға кеңес береді.
Егер, сіз, жол-көлік оқиғасына қатысушы немесе куәгер болсаңыз, шұғыл “102” телефоны арқылы полицияға хабарласыңыз.

Шымкент қ. ПД-нің баспасөз қызметі

KAZAKBOL.COM
Вам также могут понравиться

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.

Уважаемые посетители KAZAKBOL.COM ! Оставляя комментарии, проявляйте уважение и терпимость к мнению других пользователей. Сообщений, приводящих к разжиганию конфликтов, расистских высказываний, провокаций, оскорблений и дискуссий, не относящихся к теме статьи будут удаляться. Ссылки на сторонние ресурсы в комментариях запрещены. Подобные сообщения будут удаляться, а их авторы будут забанены.Мы не несем ответственность за форму и характер выставляемых комментариев.

KAZAKBOL.COM