Новости Казахстана, Новости России и мира,Обновляемая лента новостей

Шымкенттік полицейлер жолда қалған жүргізушінің көлігін жөндеп, көмек көрсетті

KAZAKBOL.COM

Шымкент қаласы Полиция департаментінің Патрульдік полиция полкінің қызметкерлері өздерінің қызметтік көліктерімен аумақты патрульдеу кезінде жол үстінде «Wolkswagen» маркалы автокөліктің бұзылып, жүргізушінің әбігерге түсіп жатқанын байқайды. Осыдан соң, полиция қызметкерлері көліктің жанына тоқтап, оны жөндей бастайды. Небәрі аз ғана уақыттың ішінде жүрмей тұрған көлікті жөндеп, жүргізушіге тапсырады.

Белгілі болғандай, автокөліктің бөлшегі істен шыққан екен. Яғни, полицейлер жақын маңдағы автобөлшек сататын дүкеннен қажетті бөлшекті алып келіп, орнына салып, ауыстырып, көлікті жүргізіп береді. Полицейлердің осындай көмегіне жүргізуші өз алғысын жеткізді: «Өзім асығып тұрғанда, көлігім бұзылып, шарасыз болып қалдым. Автокөліктің доңғалағы жарылып, әбігерге түстім. Енді не істеймін деп, уайымдап тұрғанымда полицейлер жүгіріп кеп көмектесті. Көп рахмет».

Шымкент қаласы Полиция департаментінің Баспасөз қызметі

KAZAKBOL.COM
Вам также могут понравиться

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.

Уважаемые посетители KAZAKBOL.COM ! Оставляя комментарии, проявляйте уважение и терпимость к мнению других пользователей. Сообщений, приводящих к разжиганию конфликтов, расистских высказываний, провокаций, оскорблений и дискуссий, не относящихся к теме статьи будут удаляться. Ссылки на сторонние ресурсы в комментариях запрещены. Подобные сообщения будут удаляться, а их авторы будут забанены.Мы не несем ответственность за форму и характер выставляемых комментариев.

KAZAKBOL.COM