Новости Казахстана, Новости России и мира,Обновляемая лента новостей

Шымкенттік полицейлер жыл басынан бері 355 мас жүргізушіні ұстады

KAZAKBOL.COM

Шымкент қаласының Полиция департаменті Әкімшілік полиция басқармасына жыл басынан спирттік ішімдік ішіп, автокөлікті басқарған 355 тұлғаға қатысты көлік құралдарын басқару құқығынан айыру туралы қаулылар мен үкімдер келіп түсті.

Өрескел бұзушыларға ҚР ӘҚБтК-нің 608-бабы «Жүргізушінің көлік құралын алкогольдік, есірткілік және (немесе) уытқұмарлық масаң күйде басқаруы» бойынша әкімшілік хаттамалар толтырылып, автокөліктер айыптұраққа орналастырылды.
Мәселен, патрульдік полиция полкінің қызметкерлері қызмет атқару барысында бағдаршамның қызыл түсіне өтіп, жол ережесін бұзған «Hyundai» маркалы көлікті тоқтатады.

Тәртіп сақшысы өзін таныстырып, жеке басын куәландыратын құжатын сұрағанда көліктен алкогольді ішімдіктің ииісін байқайды. Жүргізуші медициналық сараптама нәтижесімен мас халде екені расталған.

Жүргізушіге қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 599-бабы 1-бөлігімен (бағдаршамның тыйым салынған сигналына өту) әкімшілік хаттама толтырылды. Және көлік құралын мас күйінде жүргізгуге тыйым салынатыны туралы түсіндірме жұмысы жүргізіліп, бұл іс-әрекетіне ҚР ӘҚБтК-нің 608-бабымен он бес тәулікке әкімшілік қамаққа алынды. Ал көлігі айыптұраққа жабылды.

Сондай-ақ, ҚР ҚК-нің 346-бабымен «Көлік құралдарын басқару құқығынан айырылған және алкогольдік, есірткілік және (немесе) уытқұмарлық масаң күйдегі адамның көлік құралын басқаруы»бойынша 9 қылмыстық іс қозғалып, барлық қылмыстық іс сотқа жолданған, ал ҚР ҚК-нің 345-1-бабы «Алкогольдік, есірткілік және (немесе) уытқұмарлық масаң күйде көлік құралдарын басқаратын адамдардың жол жүрісі немесе көлік құралдарын пайдалану қағидаларын бұзуы» бойынша 5 қылмыстық іс қозғалып, барлығы сотқа жолданған.

Шымкент қаласы Полиция департаментінің Баспасөз қызметі

KAZAKBOL.COM
Вам также могут понравиться

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.

Уважаемые посетители KAZAKBOL.COM ! Оставляя комментарии, проявляйте уважение и терпимость к мнению других пользователей. Сообщений, приводящих к разжиганию конфликтов, расистских высказываний, провокаций, оскорблений и дискуссий, не относящихся к теме статьи будут удаляться. Ссылки на сторонние ресурсы в комментариях запрещены. Подобные сообщения будут удаляться, а их авторы будут забанены.Мы не несем ответственность за форму и характер выставляемых комментариев.

KAZAKBOL.COM