Тәжікстанның шығысындағы Ляхша ауданындағы бірқатар ауылдар жарықсыз қалды. Бұл ауылдар әскерге шақыру жоспарын орындамаған.
«Бізді он күнге жарықсыз қалдырды. Аудан әкімшілігі: «бір адамды әскерге жібермейінше, жарық болмады» деп ашық айтты», — деді Кушагба ауылының тұрғыны.
Оның айтуынша, дәл осындай жағдайды Майдонтерак және Оксой ауылдары бастан кешіріп отыр. Олар да әскерге жіберетін адам таппаған.
Ауыл тұрғындары әскерге баруға жарамды ешкім жоқ екенін айтады. Жастардың көбі Ресейде жұмыс істеп жүр, немесе оқуға кеткен. Кушагбада жүзге жуық отбасы тұрады.
Заң бойынша, Тәжікстанда 18-ден 27 жасқа дейінгі ер азаматтар әскери борышын өтеуге міндетті. Әскерге шақыру науқаны 1 қазанда басталды, ол қарашаның соңына дейін жалғасады.
KAZAKBOL.COM