Новости Казахстана, Новости России и мира,Обновляемая лента новостей

«Спарта НОМАД» КТК командасының барлық жанкүйерлерімен эксклюзивті кездесуі 2018 жылғы ақпанның 2-де Kinopark 11 IMAX Esentai кинотеатрында өтті!

KAZAKBOL.COM

2017 жылдың соңында «Спарта НОМАД» КТК командасы КТК-ның Жоғарғы лигасында бірінші орын алып, жеңіпаз атанды. Осы жеңісі арқылы олар Қазақстан Республикасы Тәуелсіздік Күніне орай отандастарына ерекше сый жасады!

Қазақстандық команда көңілді тапқырлар клубының ең жоғарғы атағына алғаш рет ие болып отыр. Қазақстандықтар бұл жеңісті 17 жыл бойы күткен еді!

«Спарта НОМАД» — Астана қаласынан шыққан КТК командасы. Ал, 2015 және 2016 жылдары КТК Жоғарғы лигасының мәресіне шықты. 2017 жылы команда Алтын Светлогорск қаласында Үлкен КиВиН иегерлері атанды.

Жанкүйерлерімен кездесуге Серікжан Несіпбаев, Данияр Жұмаділов, Алмаз Нұртаза, Дидар Жексеков, Олжас Рымбаев, Еркебұлан Мырзабек, Бауыржан Омаров, Артем Примак, Гүлнара Сейілбаева мен Құмар Лұқманов келді.

Кеш стендаптан басталды. Данияр көрермендер сұрағының алдын алып, Еркебұлан Мырзабектен қолын қалай сындырып алғанын сұрады. «Мен жаңа жылдан бастап джиу-джитсумен айналысу туралы шешім қабылдадым. Залға кіріп жатқанда, тайып кетіп, қолымды сындырып алдым. Бұл спорт түрі маған жараспайды»,-деп жауап берді Еркебұлан. Көңілді тапқырлар бірден бейресми әңгімеге көшуді ұсынды.

Залда отырғандар оларға сұрақтарды лық жаудырды. Әрине, бұл ретте жеңіс тақырыбы да қалыс қалған жоқ. Команданың Жоғарғы Лиганы ұтып алуын олардың тапқырлар клубындағы әріптестері түрлі қабылдады.

Құмар Лұқманов болса, бұған қатысты мысқылдап түсініктеме берді: «Кейбіреулер біз ақша төледік деп айтып жатыр… Бұлай деп айтқандар ақшаны қалай төлеу керек екенін білетін болар?! (күліп жіберді) Біз 17 жыл бойы жеңіс үшін таласып жүрсек, бұл мәселені жеп-жеңіл шешуге болады екен ғой?!».

Дегенмен, Гүлнара мұның әдеттегі оқиға екенін айта өтті. Кім жеңсе де, бұл жеңісті лайық емес деп есептейтіндер әрқашан табылады. Жанкүйерлерді, әсіресе, келешек туралы сұрақтар қызықтырды.

Серікжан Несіпбаев келесі жылы қазақстандық КТК лигасының қайта қалпына келетініне уәде етті: «Әзірге шағын, тәжірибелік форматта құрылса да, Лига болады».
Дарын иелері мен жанкүйерлердің Kinopark 11 IMAX Esentai кигкездесуін «Спарта НОМАД» КТК командасының ресми демеушісі «НОМАД» сақтандыру тобы ұйымдастырды.

«Спарта НОМАД» КТК командасының екі қатысушысы сұрақтарға жауап беріп, жоспарларымен бөлісіп, команда және «НОМАД» сақтандыру тобы атынан естелік сыйлықтарды ойнатты. Кездесуден кейін фойеде бір сағат бойы фотосессия өтіп, жанкүйерлердің бірде-біреуі (көңілді тапқырлармен кездесуге 200-ден астам алматылық жанкүйер жиналды) кумирлерімен суретке түспей кеткен жоқ!

Эксклюзивная встреча всех фанатов с командой КВН «Спарта НОМАД» прошла 2 февраля 2018 года в кинотеатре Kinopark 11 IMAX Esentai!
Спарта НОМАД
Эксклюзивная встреча всех фанатов с командой КВН «Спарта НОМАД» прошла 2 февраля 2018 года в кинотеатре Kinopark 11 IMAX Esentai!
Спарта НОМАД
Эксклюзивная встреча всех фанатов с командой КВН «Спарта НОМАД» прошла 2 февраля 2018 года в кинотеатре Kinopark 11 IMAX Esentai!
Спарта НОМАД
Эксклюзивная встреча всех фанатов с командой КВН «Спарта НОМАД» прошла 2 февраля 2018 года в кинотеатре Kinopark 11 IMAX Esentai!
Спарта НОМАД
Эксклюзивная встреча всех фанатов с командой КВН «Спарта НОМАД» прошла 2 февраля 2018 года в кинотеатре Kinopark 11 IMAX Esentai!
Спарта НОМАД
KAZAKBOL.COM
Вам также могут понравиться

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.

Уважаемые посетители KAZAKBOL.COM ! Оставляя комментарии, проявляйте уважение и терпимость к мнению других пользователей. Сообщений, приводящих к разжиганию конфликтов, расистских высказываний, провокаций, оскорблений и дискуссий, не относящихся к теме статьи будут удаляться. Ссылки на сторонние ресурсы в комментариях запрещены. Подобные сообщения будут удаляться, а их авторы будут забанены.Мы не несем ответственность за форму и характер выставляемых комментариев.

KAZAKBOL.COM