Стамбұлдың Кадыкёй ауданында теңіз жағалауында өлген адам Өзбекстан азаматы болуы мүмкін. Бұл туралы Өзбекстанның Стамбұлдағы бас консулдығы хабарлады.
Консулдық мәліметінше, өлген адамның денесінің қасында Рахматилло есімді азаматтың құжаттары табылған. Бас консулдық қазір бұл азаматтың кім екенін анықтау үшін тиісті органдармен жұмыс істеп жатыр.
«Осы жағдайға қатысты мәлімет білетіндерден Бас консулдыққа хабарласуын сұраймыз» деп жазды консулдық.
2019 жылы Стамбұлдың Гёзтепе ауданында өзбек әйелінің кілемге оралған денесі табылған.
Сол жылы 31 мамырда Наманган облысының 31 жастағы түрғыны Одилжон Хамзаевты Стамбұлдың Чекмекёй ауданында пышақтап кеткен. Сол кезде СІМ осы қылмысты жасаған күдіктілер — Өзбекстан азаматтары ұсталғанын хабарлаған.
KAZAKBOL.COM