Новости Казахстана, Новости России и мира,Обновляемая лента новостей

Стамбұлда бір түркімен азаматының асылып тұрған денесі табылды

KAZAKBOL.COM

Түрік баспасөзінде Түркіменстан азаматына қатысты тағы бір қылмыстық оқиға туралы хабарланды. Стамбұлда бір түркімен азаматының асылып тұрған денесі табылған.

Түрік ақпарат құралдарының хабарлауынша, Стамбұлдың Авджылар ауданда бір азаматтың тұрғын үйлерге жақын маңдағы темір қоршауға асылып тұрған денесі табылған.

NTV басылымының мәліметінше, марқұмның 38 жастағы түркімен азаматы Арслан Аннаев екені анықталған.

Мәліметтерге қарағанда, оқиға Денизкёшклер ауданында Садық Ахмет көшесінде болған. Таңертең ерте жұмысқа шыққан адамдар темір қоршауда асылып тұрған кісі денесін көріп, полицияға хабарлаған. Оқиға орнына жеткен полиция мәйітті Сот медицинасы институтының мәйітханасына жеткізген.

13 наурызда SonDakika түрік ақпарат агенттігі өлген адамның басына соққы тигені анықталғанын хабарлады. Тергеу жүріп жатыр.

Түркия көші-қон қызметінің 2023 жылғы қаңтарда жариялаған дерегінше, Түркіменстанның 222 090 азаматы Түркияда заңсыз тұрып жатыр. Тәуелсіз дереккөздер олардың саны әлдеқайда көп деп есептейді.

Источник

KAZAKBOL.COM
Вам также могут понравиться

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.

Уважаемые посетители KAZAKBOL.COM ! Оставляя комментарии, проявляйте уважение и терпимость к мнению других пользователей. Сообщений, приводящих к разжиганию конфликтов, расистских высказываний, провокаций, оскорблений и дискуссий, не относящихся к теме статьи будут удаляться. Ссылки на сторонние ресурсы в комментариях запрещены. Подобные сообщения будут удаляться, а их авторы будут забанены.Мы не несем ответственность за форму и характер выставляемых комментариев.

KAZAKBOL.COM