Новости Казахстана, Новости России и мира,Обновляемая лента новостей

Стамбулда түркімен мигранттары танымал әншінің үйін тонаған (видео)

KAZAKBOL.COM

Стамбулда танымал әнші Махсуна Кырмызыгюлдің үйінен 275 доллардың затын ұрлады деген күдікпен түркімен мигранттары ұсталды.

Түріктің «NTV» телеарнасының хабарлауынша, қылмыс туралы 5 қарашада белгілі болды. Сол күні әншінің 85 жастағы анасы Файка Арык полицияға арызданып, 41 жастағы түркімен мигранты Миессер М.-нен күдіктенетінін айтқан. Бір апта бұрын ол мұнда үй қызметкері болып жұмысқа тұрған.

Полиция қызметкері Миессер тұрған үйді тінтіп, 50 мың доллар және 12 алтын білезік тапқан. Содан кейін полиция осы үйде тұратын төрт түркімен мигрантын ұстаған.

Стамбул полициясындағы дереккөз олардың бұл елде заңсыз жүргенін хабарлаған. Түркімен мигранттары танымал әнші үйінкн 275 мың доллардың затын ұрлады деп отыр. «Hürriýet» газетінің хабарлауынша, Миессер мен оның күйеуі ұрлықты мойындаған, бірақ пәтерде бірге тұратын төрт мигранттың бұл қылмысқа қатысы жоқтығын мәлімдеген.

2006 жылы Түркіменстанның бұрынғы президенті Сапармұрад Ниязов Ашхабадтағы концертте әнші Махсун Кырмызыгюлге 500 мың доллардың сағатын сыйға тартқан еді.

centralasian.org

KAZAKBOL.COM
Вам также могут понравиться

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.

Уважаемые посетители KAZAKBOL.COM ! Оставляя комментарии, проявляйте уважение и терпимость к мнению других пользователей. Сообщений, приводящих к разжиганию конфликтов, расистских высказываний, провокаций, оскорблений и дискуссий, не относящихся к теме статьи будут удаляться. Ссылки на сторонние ресурсы в комментариях запрещены. Подобные сообщения будут удаляться, а их авторы будут забанены.Мы не несем ответственность за форму и характер выставляемых комментариев.

KAZAKBOL.COM