Новости Казахстана, Новости России и мира,Обновляемая лента новостей

Тәжік президенті егістіктегі шаруаларға оразадан бас тартуға кеңес берді (видео)

KAZAKBOL.COM

Орталық Азиядағы бес мемлекетте мұсылмандардың қасиетті Ораза айы 13 сәуірде басталды.

Тәжікстан президенті барлық тәжікстандықтарды Ораза айының басталуымен құттықтады. Мемлекет басшысы үндеуінде егістікте жұмыс істеп жүрген шаруаларды ерекше атап өтті. Рахмон шаруаларға бар күш-жігері мен ойын егістік жұмыстарына арнауға, оразадан бас тартуға кеңес берді.

Наурыз айындағы үсіктен егістікте пияз үсіп қалған. Жерді жалға алушы Амина мен оның ауылдастары қайтадан егіс салып жүр. Бұл жолы олар фасоль мен жүгері егеді. Аминаның айтуынша, жоспардан тыс жұмыс көп, сол себепті Ораза айында да аянбай еңбек етуге тура келеді. Соған қарамастан ол ауыз бекіткен.

«Біз жұмысқа таңғы сегізде шығып, түскі 12:30-ға дейін егістікте болдық. Одан соң тамақ іштік, намаз оқыдық. Сосын кешке дейін жұмыс істедік. Ораза кезінде жұмысқа таңғы алтыда шығамыз», – дейді Гиссар ауданының шаруасы Амина Юнусова.

Биыл ораза егін салу науқанымен бірге өтеді. Бұл күндері елде ондаған мың адам егістікте еңбек етіп жүр. Көктемнің осы айында қалай жұмыс істесе, соның нәтижесін жыл бойы көреді.

Тәжікстан президенті Эмомали Рахмон былтыр да егістіктегі шаруаларға оразадан бас тартуға кеңес берген.

centralasian.org

KAZAKBOL.COM
Вам также могут понравиться

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.

Уважаемые посетители KAZAKBOL.COM ! Оставляя комментарии, проявляйте уважение и терпимость к мнению других пользователей. Сообщений, приводящих к разжиганию конфликтов, расистских высказываний, провокаций, оскорблений и дискуссий, не относящихся к теме статьи будут удаляться. Ссылки на сторонние ресурсы в комментариях запрещены. Подобные сообщения будут удаляться, а их авторы будут забанены.Мы не несем ответственность за форму и характер выставляемых комментариев.

KAZAKBOL.COM