Новости Казахстана, Новости России и мира,Обновляемая лента новостей

Тәжік шопандары жайылымдардың қурап кеткеніне алаңдайды


Тәжік шопандары жайылымдардың монополизациясына, қуаңшылыққа алаңдап отыр.

Аброриддин Хайдаров күнде таңертең Яван ауданындағы Аскалон ауылы тұрғындарының малын жайылымға шығарады. Оның мал бағып жүргеніне бес жыл болды. Шопан биыл жауын-шашынның аз түскеніне, жайылымдар қурап бара жатқанына, мал азығы азайғанына алаңдап жүр.

«Шөп өте аз, мал кешке дейін тойып тамақтанып үлгермейді. Қышлақ тұрғындары риза емес. Шөп жоқ, күн шыжып тұр. Мен не істей аламын? — дейді Хайдаров.

Ауыл шаруашылығы ғылымдары Академиясының маманы Шарифжон Рахимов ғаламдық жылынудың жайылымдарға кері әсер етіп жатқанын айтты. «Жайылымдарды суғару мәселесін осы бастан қарауымыз керек. Мәселе мемлекет деңгейінде шешілуі тиіс».

Мамандардың пікірінше, жайылымдардың бір қолға өтіп кетуі де Тәжікстанда ауыл шаруашылығының дамуына кері әсер етіп отыр. Елде жайылымдар азайып кеткен.

Ауыл шаруашылығы министрлігінің мәліметі бойынша, малдың 93 пайызын халық ұстайды, бірақ жайылымдардың 70 пайызы шаруа қожалықтарының меншігіне өтіп кеткен.

Осы мәселе жақында парламентте қызу пікір-талас туғызды. Депутат Саиджафар Исмонзода Тәжікстанда жайылымдар монополизацияланып кетті деп мәлімдеді. «200 мың адам тұратын елді мекендерде жайылымдардың бәрін 10-15 адам меншіктеп алған», — деді депутат.

«Жайылымдар туралы» заң жобасын парламентте таныстырған ауыл шаруашылығы министрі Сулаймон Зиезода министрлік мәселені шешу үшін бар күшін салып жатқанын айтты.

«Шындығын айтып отырсыздар. Жайылымды меншіктеп қана қоймай, оны жалға беріп, содан табыс тауып отыр», — деді Зиезода.

Источник

KAZAKBOL.COM
Вам также могут понравиться

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.

Уважаемые посетители KAZAKBOL.COM ! Оставляя комментарии, проявляйте уважение и терпимость к мнению других пользователей. Сообщений, приводящих к разжиганию конфликтов, расистских высказываний, провокаций, оскорблений и дискуссий, не относящихся к теме статьи будут удаляться. Ссылки на сторонние ресурсы в комментариях запрещены. Подобные сообщения будут удаляться, а их авторы будут забанены.Мы не несем ответственность за форму и характер выставляемых комментариев.

KAZAKBOL.COM