Новости Казахстана, Новости России и мира,Обновляемая лента новостей

Тәжікстан Қырғызстанда өтіп жатқан әскери жаттығуға қатыспайды

KAZAKBOL.COM

Тәжікстан 7 қыркүйекте Қырғызстанда басталатын Ұжымдық қауіпсіздік жөніндегі шарт ұйымына (ҰҚШҰ) мүше елдердің әскери жаттығуына қатыспайды.

Бұл жөнінде Қырғызстанның қорғаныс министрінің орынбасары Нұрлан Кирешеев мәлімдеді. Бірақ ол себебін түсіндірмеді.

7-9 қыркүйек аралығында Ыстықкөлде «Рубеж-2021» әскери жаттығуы өтеді. Оған Қазақстан, Ресей, Тәжікстан, Қырғызстан армиясы қатысады деп хабарланған.

Тамыз айында Қазақстан мен Өзбекстан шекара маңында әскери жаттығуын өткізген. Сол уақытта Тәжікстанда да Ресей әскерінің қатысуымен дайындық өткен.

Бұдан бөлек қазан және қараша айларында тәжік-ауған шекарасында Ресейдің қатысуымен әскери жаттығулар өткізу жоспарланған.

Орталық Азиядағы әскери жаттығулар Ауғанстанды «Талибан» қозғалысы басып алғаннан кейін жүріп жатыр.

Ұжымдық қауіпсіздік жөніндегі шарт ұйымына Армения, Беларусь, Қазақстан, Қырғызстан, Ресей және Тәжікстан кіреді.

Источник

KAZAKBOL.COM
Вам также могут понравиться

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.

Уважаемые посетители KAZAKBOL.COM ! Оставляя комментарии, проявляйте уважение и терпимость к мнению других пользователей. Сообщений, приводящих к разжиганию конфликтов, расистских высказываний, провокаций, оскорблений и дискуссий, не относящихся к теме статьи будут удаляться. Ссылки на сторонние ресурсы в комментариях запрещены. Подобные сообщения будут удаляться, а их авторы будут забанены.Мы не несем ответственность за форму и характер выставляемых комментариев.

KAZAKBOL.COM