Новости Казахстана, Новости России и мира,Обновляемая лента новостей

Тәжікстандағы селден сегіз адам қаза тапты, 15 аудан зардап шекті


Тәжікстанның төтенше жағдайлар жөніндегі комитетінің хабарлауынша, табиғат апатынан 15 аудан зардап шегіп, сегіз адам қаза тапты.

11 мамырдағы жауын-шашынның соңы селге ұласқан. Табиғат апатынан негізінен Хатлон облысы қатты зардап шекті.

Сейсенбі күні сел Лаби Жар қышлағын Сангвор ауданының орталығымен жалғайтын жолды орып кетті. Рашт ауданындағы Ниезбегиен елді мекеніндегі 14 үй зақымданған. Варзоб ауданындағы Дараи Фон қышлағында бірнеше автокөлік суға ағып кеткен.

Комитет мәліметіне қарағанда, Дарвоз-Хорог автожолының Вишхарв елді мекеніне жақын маңдағы тұсы бітеліп қалған. Куляб-Дарваз-Хорог жолы да зақымданған.

Шамсиддин Шохин және Кушониен аудандарында, сонымен бірге Куляб және Гиссар қалаларында адам өлімі тіркелді. Озоди радиосының хабарлауынша, Шамсиддин Шохин ауданында бір отбасының үш мүшесі табиғат апатынан қаза тапқан. Олардың бәрі сел жүрген уақытта автокөлікте болған.

Ресми мәлімет бойынша, 11 мамырда Куляб қаласы селден қатты зардап шекті. Көшелерді су орып кетті, бақшалар мен егістіктер зақымданды. Қалада үш адам қаза болды.

Тәжік билігі сел жүру қаупі 14 мамырға дейін сақталатынын ескертті.

Тәжікстантан — табиғат апаттарынан жиі зардап шегетін ел. 1992-2020 жылдар аралығында су тасқынынан, жер сілкінісінен, селден және топырақ көшкінінен 7 миллион адам зардап шегіп, ел экономикасы шамамен 2 миллиард доллар шығынға батты.

Источник

KAZAKBOL.COM
Вам также могут понравиться

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.

Уважаемые посетители KAZAKBOL.COM ! Оставляя комментарии, проявляйте уважение и терпимость к мнению других пользователей. Сообщений, приводящих к разжиганию конфликтов, расистских высказываний, провокаций, оскорблений и дискуссий, не относящихся к теме статьи будут удаляться. Ссылки на сторонние ресурсы в комментариях запрещены. Подобные сообщения будут удаляться, а их авторы будут забанены.Мы не несем ответственность за форму и характер выставляемых комментариев.

KAZAKBOL.COM