Новости Казахстана, Новости России и мира,Обновляемая лента новостей

Тәжікстанда бір адамның өлімінен кейін тұтанған наразылық: Хорог билігі келіссөзге дайындалып жатыр

KAZAKBOL.COM

Тәжікстанның Таулы Бадахшан автономиялық облысында халық наразылығы басылмады. Арнайы операциядан кейін қаза болған тұрғынның өліміне наразы жұртпен биліктің келіссөз жүргізуге дайындалып жатқаны хабарланды.

Сенбі, 27 қарашада кешке Таулы Бадахшан автономиялық облысының прокуроры Парвиз Орифзода жергілікті телеарнадан сөйлеп, наразылар облыс басшысы мен әкімдік өкілдеріне «шабуыл жасады», соның салдарынан парламент депутаты Азиз Гиезода ауыр жарақат алды деп мәлімдеді.

Дереккөз Азаттықтың Тәжік қызметіне Хорогта парламент депутатының жараланғанын растады. Ақпаратқа қарағанда, Гиезода облыс басшысымен бірге наразылар алдына шыққан. Аймақ басшысына тас атыла бастаған кезде Гиезодаға да тас тиген. Артынша оқ атылған.

Бұған дейін Бадахшандағы азаматтық қоғам өкілдері Азаттықтың Тәжік қызметіне 27 қарашада Хорог орталық алаңында болған атыс кезінде бірнеше адамның жараланғанын хабарлаған. Кемінде төрт адам жарақаттанған, бірақ облыс прокуроры сенбі күні жараланған наразылар туралы айтпады. Ол «ескерту ретінде ауаға оқ атылды» деп қана қойған.

Прокурордың айтуынша, сенбі күні Хорогта болған оқиға бойынша «билік өкіліне қарсылық көрсету», «билік өкілін қорлау», «қасақана біреудің денсаулығына ауыр жарақат келтіру», «бұзақылық» баптары бойынша қылмыстық іс қозғалған. Таулы Бадахшан әкімдігі өкілдерінің айтуынша, 28 қарашада аймақ басшысы мен наразылар арасында келіссөз басталуы тиіс. Оған энергетика министрі, парламенттің төменгі палатасының депутаты қатысады деген ақпарат бар.

25 қарашада тәжік күштік құрылымдары Таулы Бадахшан облысы Шохдар ауылында арнайы операция ұйымдастырып, соның нәтижесінде ауыл тұрғыны Гулбиддин Зиебеков мерт болған. Осыдан соң жүздеген адам Хорогтағы Таулы Бадахшан облысы әкімдігінің ғимаратының алдына жиналып, Зиебековті өлтірген күштік құрылым өкілдерін жазалауды талап еткен еді. Ашынған халық жергілікті әкімдік ғимаратының алдына марқұмның мәйітін де әкелген. Наразылар мен билік арасында бірнеше рет кездесу болғанмен нәтижесін аяқталған.

Ақпаратқа қарағанда, төрт күнге созылған қарсылық акциясы кезінде наразылар мен күштік құрылым өкілдері екі рет қақтығысып қалған. Бұған дейін қақтығыс кезінде екі бейбіт тұрғынның опат болғаны хабарланған. Бірақ ресми билік ол жөнінде ақпарат бермеді. Билік құқық қорғау органының бес қызметкерінің жараланғанын айтты.

Осыған дейін прокуратура күштік құрылымның қолынан қаза тапты делінген Гулбиддин Зиебековті ұстау бойынша операция жүргізілгенін растаған. Қадағалау органының мәлімдемесінде Зиебековтің құқық қорғау органдарына заңсыз иеленген пистолеттен оқ атқаны, артынша күштік құрылым өкілдері жауап берген кезде оққа ұшқаны жазылған.

Зиебековтің туыстары мен жақындары оның күштік құрылымдарға қарсылық көрсеткені жайлы ақпаратты жоққа шығарды. Оқиға куәгерлерінің бірі Зиебековтің басына оқ тиіп, Шохдардан Хорогқа кетіп бара жатқан жолда жан тапсырғанын айтты.

Таулы Бадахшан облысы прокуратурасының мәлімдемесінде Зиебековтің қылмыстық топ өкілдерімен бірге 2020 жылы 1 ақпанда аудандық прокурордың көмекшісін кепілдікке алып, 8 сағат бойы қинап, ұрып-соққаны жазылған.

Ал Рошткалинск ауданы тұрғындарының бірі Озоди радиосына Зиебековтің прокуратура өкілін ұрғанын ғана айтты. Бұған прокурор көмекшісінің ауылдағы қыздардың біріне интимдік қатынас ұсынғаны түрткі болған.

Источник

KAZAKBOL.COM
Вам также могут понравиться

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.

Уважаемые посетители KAZAKBOL.COM ! Оставляя комментарии, проявляйте уважение и терпимость к мнению других пользователей. Сообщений, приводящих к разжиганию конфликтов, расистских высказываний, провокаций, оскорблений и дискуссий, не относящихся к теме статьи будут удаляться. Ссылки на сторонние ресурсы в комментариях запрещены. Подобные сообщения будут удаляться, а их авторы будут забанены.Мы не несем ответственность за форму и характер выставляемых комментариев.

KAZAKBOL.COM