Новости Казахстана, Новости России и мира,Обновляемая лента новостей

Тәжікстанда діни ағым өкілі Мұхаммади Рахматулло 8 жылға сотталды

KAZAKBOL.COM

Тәжікстанда тыйым салынған «Салафия» діни ағымы жетекшілерінің бірі саналған Мұхаммади Рахматулло Душанбе қаласы Исмоили Сомони аудандық сотының шешімімен 8 жылға сотталды. Дін қызметкері 2016 жылы да 8 жыл түрме жазасына кесілген, бірақ қамаудан рақымшылықпен ерте босап шыққан.

Мұҳаммади Рахматуллоның бауыры Юсуф Мұхаррамовтың Азаттықтың Тәжік қызметіне хабарлауынша, дін қызметкері 307-бап негізінде сотталған, бірақ нақты қандай айып тағылғанын туыстары білмейді. Тәжікстан қылмыс кодексінің 307-бабы бірнеше бөлім мен тармақтан тұрады. Оның ішінде экстремизмге үгіттеу, экстремистік қауым ұйымдастыру айыптары да бар. Әзірге сот үкімінің мазмұнын білу мүмкін болмай отыр.

Мемлекеттік қауіпсіздік қызметкерлері Мұхаммади Рахматуллоны ұстағанын оның туыстары былтыр қарашада хабарлаған. Юсуф Мұхаррамовтың айтуынша, 2 қарашада бауырын Тәжікстан ұлттық қауіпсіздік комитетіне әңгімелесуге шақыртқан. Біраздан соң арнайы қызметтегілер оның ұлына хабарласып, әкесінің ұсталғанын айтқан.

«Білуімше, бауырымды діни бір тақырыпта әңгіме қозғағаны, уағыз айтқаны үшін тұтқындаған. Басқа ештеңе білмейміз. Мұхаммади еш жерде жұмыс істемейтін, оның паспорты да жоқ. Мешітке бармайтын, үнемі үйде отыратын, кейде ғана көшеге шығатын», — деген сол кезде Юсуф Мұхаррамов.

Туыстары дін қызметкерін не себепті ұсталғанын білуге тырысқан. Сол кезде комитеттегілер сот шешімімен Мұхаммадиге діни уағыз айтуға тыйым салынғанын, бірақ ол уағыздауды тоқтатпағанын айтқан. Мұхаммадидің туыстары мұндай айыптаумен келіспейді. Ол дін тақырыбын қозғаудан бас тартқан дейді.

2016 жылы Мұхаммади Рахматулло экстремистік қауым ұйымдастырды деген айыппен 8 жылға сотталған, ал 2021 жылғы жазда рақымшылықпен колониядан босап шыққан.

2000-жылдардың ортасында Тәжікстанда «Салафия» қозғалысы күш алды. Мұхаммади Рахматулло жергілікті салафиттер атынан дәстүрлі дін өкілдерімен жиі пікір-таластырып жүрді.

2009 жылы «Салафия» діни ағымы Тәжікстанда заңсыз деп жарияланды. 2014 жылы Тәжікстан Жоғарғы соты «Салафияны» экстремистік ағым деп таныды.

Халықаралық HRW (Хьюман Райтс Вотч) адам құқықтарын қорғау ұйымы 2022 жылы Тәжікстан билігін «азаматтарды салафия ағымының өкілдері деген айыппен қамап тастап жатқаны үшін» сынады.

Источник

KAZAKBOL.COM
Вам также могут понравиться

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.

Уважаемые посетители KAZAKBOL.COM ! Оставляя комментарии, проявляйте уважение и терпимость к мнению других пользователей. Сообщений, приводящих к разжиганию конфликтов, расистских высказываний, провокаций, оскорблений и дискуссий, не относящихся к теме статьи будут удаляться. Ссылки на сторонние ресурсы в комментариях запрещены. Подобные сообщения будут удаляться, а их авторы будут забанены.Мы не несем ответственность за форму и характер выставляемых комментариев.

KAZAKBOL.COM