Новости Казахстана, Новости России и мира,Обновляемая лента новостей

Тәжікстанның оңтүстігінде 18 адамдық үлкен отбасы бастырылған қызанақтан уланды, төртеуі қайтыс болды


Хатлон облысына қарасты Темурмалик ауданының прокуратурасы үлкен отбасының улануына қатысты тергеу бастады.

Оқиға 1 қазанда түнде Куштеппа ауылында болған. Ол жөнінде ақпарат енді ғана тарады.

Озоди радиосының прокуратурадағы бір дереккөзінің хабарлауынша, тергеу сот-медицина сараптасының түпкілікті нәтижесін күтіп отыр.

Дереккөздің айтуынша, бастырылған қызанақтан төрт адам қайтыс болған. Олар: 40 жастады Умеджон Хамидов, 32 жастағы Муяссара Кулматова, алты жастағы Сумая Додозода және екі жастағы Рухсора Кулзода.

«Алдын ала мәлімет бойынша, Дододжон Нурхонов 30 қыркүйекте палау басып, бүкіл туысын қонаққа шақырған. Дастархан басында олар екі литрлік банкіге жабылған қызанақты ашқан. Соны жегеннен кейін уланып қалған. Сараптама тұрғындардың нақты неден уланғанын анықтауы тиіс», — деді прокуратура өкілі.

Уланған төрт адам әлі ауруханада жатыр. Дәрігерлер олардың жағдайы бірқалыпты дейді.

Аурухананың бас дәрігері Абдукарим Шокировтың айтуынша, дәрігерлер ауруханаға жеткізілген алты адамның екеуін ғана құтқара алған. «Төртеуінің ағзасы қатты уланған, сол себепті дәрігерлер оларды құтқара алмады», — деді ол.

Дәрігерлердің айтуынша, тазалық ережелері сақталмаса, сонымен бірге көкөніс құрамында химикаттар көп болса, онда банка ішінде химиялық реакция жүріп, ас адамға өміріне қауіпті уға айналады.

Источник

KAZAKBOL.COM
Вам также могут понравиться

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.

Уважаемые посетители KAZAKBOL.COM ! Оставляя комментарии, проявляйте уважение и терпимость к мнению других пользователей. Сообщений, приводящих к разжиганию конфликтов, расистских высказываний, провокаций, оскорблений и дискуссий, не относящихся к теме статьи будут удаляться. Ссылки на сторонние ресурсы в комментариях запрещены. Подобные сообщения будут удаляться, а их авторы будут забанены.Мы не несем ответственность за форму и характер выставляемых комментариев.

KAZAKBOL.COM