Новости Казахстана, Новости России и мира,Обновляемая лента новостей

Түркіменстан халық саанғын 2022 жылдың желтоқсанында өткізеді

KAZAKBOL.COM

Түркіменстанда халық пен тұрғын үй қорының санағы биыл 17-27 желтоқсан аралығында өтеді. Бұл туралы «Хроники Туркменистана» басылымы мемлекеттік БАҚ-қа сілтеме жасап хабарлады.

Науқан барысында Түркіменстандағы халық саны мен тұрғын үй қоры туралы өзекті мәліметтер жиналады.

Мемлекеттік ақпарат құралдарының хабарлауынша, халық санағы елдің демографиялық әлеуетін; азаматтардың экономикалық мүмкіндігін; білім деңгейін; этномәдениетін, ана тілін; баспана жағдайын және басқа да көрсеткіштерін анықтауға көмектеседі.

Түркіменстанда халық санағы соңғы мәрте 2012 жылы өткізілді, бірақ оның нәтижелері әлі күнге дейін жарияланбай отыр.

2015 жылы «Хроники Туркменистана» басылымы дереккөздерінен халық санағының нәтижелерін білген. Дереккөздер мәліметінше, 2012 жылы Түркіменстанда 4.751.120 адам тұратыны анықталған. Халықтың 85,6 пайызы түркімендер, 5,8 пайызы өзбектер, 5,1 пайызы орыстар екенін анықталған.

Азаттықтың Түркімен қызметінің дереккөздері 2019 жылы Түркіменстан мемлекеттік статистика жөніндегі комитетінің жабық зерттеуі туралы хабарлады. Дереккөздер мәліметінше, 2008-2018 жылдар аралығында Түркіменстаннан шамамен 1 миллион 900 мың адам көшіп кеткен.

2020 жылғы қаңтарда түркімен билігі Түркіменстанда 6,2 миллионнан астам адам тұратынын хабарлаған.

Источник

KAZAKBOL.COM
Вам также могут понравиться

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.

Уважаемые посетители KAZAKBOL.COM ! Оставляя комментарии, проявляйте уважение и терпимость к мнению других пользователей. Сообщений, приводящих к разжиганию конфликтов, расистских высказываний, провокаций, оскорблений и дискуссий, не относящихся к теме статьи будут удаляться. Ссылки на сторонние ресурсы в комментариях запрещены. Подобные сообщения будут удаляться, а их авторы будут забанены.Мы не несем ответственность за форму и характер выставляемых комментариев.

KAZAKBOL.COM