Новости Казахстана, Новости России и мира,Обновляемая лента новостей

Түркіменстанда интернет жылдамдығы күрт баяулады

KAZAKBOL.COM

Түркіменстанда интернет жылдамдығы күрт баяулап, VPN-қызметтердің барлығы дерлік істемей қалды. Бұл туралы Азаттық радиосы Түркімен қызметінің тілшілері мен дереккөздері хабарлады.

Бұған дейін жұмыс істеп тұрған ақылы VPN-қызметтер бұғатталды, деп хабарлады дереккөз.

Интернет жылдамдығы елдің барлық өңірлерінде күрт баяулаған. Аймақтардың барлығында VPN-қызметтер істемей тұр.

Түркіменстандағы интернет қолданушылар ғаламторға жалғыз ғана провайдер — ұлттық «Түркіментелеком» байланыс операторы арқылы ғана қосыла алады.

«VPN-қызметтерінің бәрі, ақылысы да істемей қалды. Жылдамдық күрт түсіп кетті. Интернеттің мұнша баяу болғанын бірінші мәрте көріп тұрмын», дейді дереккөздердің бірі.

turkmen.news тәуелсіз басылымы 11 сәуірде Түркіменстанда интернетті бұғаттап жатқанын хабарлаған. Басылым VPN-қызметтер істемей қалғанына назар аударған.

Кеңсесі Калифорния штатында орналасқан «Cloudflare» интернет қызметі жөніндегі компания Түркіменстанда 10 сәуірде таңертең интернет жылдамдығы күрт төмендегенін анықтады. «Cloudflare Radar» мәліметінше, Түркіменстанда интернет толық дерлік өшірілген.

Компания сайтындағы мәліметке қарағанда, 12 сәуірде Түркіменстанда интернет толықтай дерлік бұғатталған.

Түркіменстан билігі желідегі ақпарат ағынын қатаң бақылауға алған. Елде Facebook, Twitter, Instagram, Вконтакте және Одноклассники секілді әлеуметтік желілердің бұғатталғанына бірнеше жыл болды. Билік тәуелсіз ақпарат құралдарының сайттарын да бұғаттап тастады. Тәуелсіз ақпарат алу үшін түркіменстандықтар VPN ­қызметтеріне жүгінуге мәжбүр.

«Шекарасыз тілшілер» ұйымы Түркіменстанның бұрынғы президенті Гурбангұлы Бердымұхамедовті 2016 жылы интернетті шектегені үшін «Интернет жауы» тізіміне қосқан.

Cable.co.uk ағылшын басылымының мәліметінше, әлемдегі ең қымбат әрі ең баяу интернет — Түркіменстанда.

Источник

KAZAKBOL.COM
Вам также могут понравиться

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.

Уважаемые посетители KAZAKBOL.COM ! Оставляя комментарии, проявляйте уважение и терпимость к мнению других пользователей. Сообщений, приводящих к разжиганию конфликтов, расистских высказываний, провокаций, оскорблений и дискуссий, не относящихся к теме статьи будут удаляться. Ссылки на сторонние ресурсы в комментариях запрещены. Подобные сообщения будут удаляться, а их авторы будут забанены.Мы не несем ответственность за форму и характер выставляемых комментариев.

KAZAKBOL.COM