Новости Казахстана, Новости России и мира,Обновляемая лента новостей

Түркия президенттігінен үміткерлердің бірі сайлауға қатысудан бас тартты

KAZAKBOL.COM

Түркия президенттігінен үміткерлердің бірі, «Отан партиясы» лидері Мухаррем Индже 14 мамырда өтетін сайлауға қатыспайтынын мәлімдеді. Бұл жөнінде Anadolu ақпарат агенттігі хабарлады.

Индже мұның себебін өзіне қарсы жүріп жатқан арандату кампаниясымен байланыстырады. Саясаткердің айтуынша, 45 күн бойы түрік БАҚ оған қатысты жалған ақпарат таратумен айналысып келді. Ол мемлекет өзінің абыройын қорғай алмады дейді.

Мухаррем Индже 2018 жылы президент сайлауына қатысып, Ердоғаннан жеңілген. Дегенмен Түркияның әлеуметтік желі қолданушылары Индженің Ердоғаннан гөрі оның басты қарсыласы Кылычдароглуны көп сынап келгенін айтады. Ол билік партиясын қолдап, Кылычдароглуны FETO-ға (Fethullahçı Terör Örgütü) қатысы бар деп айыптап келген.

2016 жылы Түркияда бүлік жасап, билікті басып алмақ болды деп діни уағызшы, қайраткер Фетхуллах Гюлен айыпталып, оның «Хизмат» қоғамдық ұйымын террористік ұйым деп таныған.

Konda Research ұйымының сауалнамасына сәйкес, президенттіктен негізгі үміткерлер, қазіргі президент Режеп Тайып Ердоғанға сайлаушылардың 43,7%, оппозиция өкілі Кемал Кылычдароглуға 49,3% дауыс беруге дайын.

Источник

KAZAKBOL.COM
Вам также могут понравиться

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.

Уважаемые посетители KAZAKBOL.COM ! Оставляя комментарии, проявляйте уважение и терпимость к мнению других пользователей. Сообщений, приводящих к разжиганию конфликтов, расистских высказываний, провокаций, оскорблений и дискуссий, не относящихся к теме статьи будут удаляться. Ссылки на сторонние ресурсы в комментариях запрещены. Подобные сообщения будут удаляться, а их авторы будут забанены.Мы не несем ответственность за форму и характер выставляемых комментариев.

KAZAKBOL.COM