Новости Казахстана, Новости России и мира,Обновляемая лента новостей

Жаңа оқу жылы қарсанында әскери қызметшілер 25 отбасыға көмек көрсетті (фото)

KAZAKBOL.COM

«Батыс» өңірлік қолбасшылығының әскери қызметшілері жыл сайынғы «Мектепке жол» республикалық акциясына қолдау білдірді.

Жаңа оқу жылы қарсанында «Мектепке жол» республикалық акциясы басталып кетті. Биыл, осы әлеуметтік бастамадан «Батыс» өңірлік қолбасшылығының әскери қызметшілері де тыс қалмай, 50-ге жуық оқушыны мектепке әзірледі. Алайда, акцияның қыркүйек айының аяғына дейін созылуына байланысты оқушылардың саны әлі көбеюі мүмкін.

Аталмыш қайырымдылық көмек әскери қызметшілердің отбасыларымен жұмысты ұйымдастыру қызметімен, көпбалалы және белгілі бір себептермен тағдыр қыспағына түсіп қалған отбасыларға көрсетілді.  Әскери қызметшілер оқушыларды мектепке қажет құралдармен, киім-кешектер мен канцеляриялық тауарлармен қамтамасыз етті.

Әскери қызметшілердің отбасыларымен жұмысты ұйымдастыру қызметінің бастығы Эльвира Ақынбаеваның айтуы бойынша, «бастаманың басты мақсаты – көпбалалы, толық емес, ата-анасының қарауынсыз қалған отбасыларды ұмытпай, оларға көмек көрсету. Осы акцияның арқасында, тағы да онға жуық отбасыға қолдау көрсетеміз деген жоспарларын бар екенің айтып кетті.

«Батыс»  өңірлік қолбасшылы түрлі акциялар мен әлеуметтік бағдарламаларға ұдайы түрде қолдау көрсетіп отырады, «Мектепке жол» акциясы болса кең көлемде биыл төртінші мәрте өткізілуде. Биыл барлық көпбалалы әскери қызметшілердің отбасыларына түгел көмек көрсетілді.

фото пресс-службы УКВ регионального командования «Запад»

«Батыс» өңірлік қолбасшылығы Басқармасының

баспасөз қызметі

капитан Рустем  Игисинов

Байланыс: +7-777-641-11-72

KAZAKBOL.COM
Вам также могут понравиться

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.

Уважаемые посетители KAZAKBOL.COM ! Оставляя комментарии, проявляйте уважение и терпимость к мнению других пользователей. Сообщений, приводящих к разжиганию конфликтов, расистских высказываний, провокаций, оскорблений и дискуссий, не относящихся к теме статьи будут удаляться. Ссылки на сторонние ресурсы в комментариях запрещены. Подобные сообщения будут удаляться, а их авторы будут забанены.Мы не несем ответственность за форму и характер выставляемых комментариев.

KAZAKBOL.COM