Новости Казахстана, Новости России и мира,Обновляемая лента новостей

Тәліптер Кабулда Tolo News телеарнасының үш қызметкерін ұстады

KAZAKBOL.COM

Тәліптер Ауғанстандағы ең басты телеарналардың бірі — Tolo News компаниясының үш қызметкерін ұстады. Телеарна директоры Хполвак Сафи, ақпарат-сарапта бағдарламасының жүргізушісі Бахрам Аман және заң мәселелері жөніндегі кеңесші Нафи Халик 17 наурызда кешке Кабулда қамауға алынды.

Tolo News телеарнасының Германиядағы тілшісі Саъид Шинворидің Озоди радиосына хабарлауынша, «Талибан» басшылығы телекомпаниядан шетел сералдарын көрсетпеуді талап еткен. «Біз мұндай талапты кешкі сағат алтыдағы эфирде хабарладық. Артынша телеарна кеңсесіне тәліптер келіп, әріптестерімізді балағаттады. Олар Хполвак Сафи мен Бахрам Аманды алып кетті», — деді Шинвори.

Tolo News телеарнасының бұрынғы директоры Лутфулло Наджафизода тәліптер Хполвак Сафи мен Нафи Халикті босатқанын, бірақ Аман әлі қамауда отырғанын твиттерде жазды.

ВВС телеарнасы Парсы қызметінің хабарлауынша, 17 наурызда кешке шамамен 15 қарулы тәліп Tolo News телеарнасының Кабулдағы кеңсесіне келіп, үш қызметкерді алып кеткен.

Медиакомпания «Талибан» талаптарына уақытша бағынуға мәжбүр екенін хабарлады.

Радикал қозғалыс басшылығы телеарна қызметкерлерін ұстауға қатысты әзірге мәлімет таратпады.

Мәліметтерге қарағанда, тәліптер Ауғанстанда билікке келгелі бері елде 318 бұқаралық ақпарат құралы жұмысын тоқтатты, шамамен үш мың журналист жұмыссыз қалды. Ауғанстандағы 114 газеттің қазір жиырма шақтысы ғана шығады. Бұған қоса, 51 телеарна, 132 радиостанция және 49 интернет-БАҚ жабылды. Жұмыссыз қалған журналистердің 72 пайызы — әйел.

Источник

KAZAKBOL.COM
Вам также могут понравиться

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.

Уважаемые посетители KAZAKBOL.COM ! Оставляя комментарии, проявляйте уважение и терпимость к мнению других пользователей. Сообщений, приводящих к разжиганию конфликтов, расистских высказываний, провокаций, оскорблений и дискуссий, не относящихся к теме статьи будут удаляться. Ссылки на сторонние ресурсы в комментариях запрещены. Подобные сообщения будут удаляться, а их авторы будут забанены.Мы не несем ответственность за форму и характер выставляемых комментариев.

KAZAKBOL.COM