Новости Казахстана, Новости России и мира,Обновляемая лента новостей

Тәжік елшілігі: Ресей жасағының күш қолдану акциясынан 10 тәжік студенті зардап шекті

KAZAKBOL.COM

Тәжікстанның Ресейдегі елшілігінің хабарлауынша, Ресей арнайы жасағының Амурдағы Комсомольск қаласының университет жатақханасында тәжік студенттеріне күш қолдану акциясы барысында он адам зардап шеккен.

Студенттер болса зардап шеккендер бұдан көп екенін айтып отыр.

19 мамырда Хабаровск өлкесіндегі Амурда Комсомольск қаласы мемлекеттік университетінде оқитын жүзден астам тәжік студентін Ресей арнайы жасағы соққыға жықты. Студенттердің айтуынша, жасақ жатақханаға ешқандай ескертусіз баса-көктеп кіріп, тек қана тәжік студенттерін ұра бастаған.

30 мамырда Тәжікстан елшілігі дипломаттар Хабаровск өлкесіндегі студенттермен кездескенін хабарлады. Елшілік мәліметінше, жараланған студенттер денсаулығы «бірқалыпты», ал дипломаттар жағдайды әділ шешуге тырысады.

Студенттердің Азаттықтың Тәжік қызметіне хабарлауынша, зардап шеккендердің бірқатары елшілік өкілдерімен кездесуге бармаған, өйткені дипломаттар олардан кездесуге «сақалдарын қырып келуді» сұраған.

«Студенттердің бірқатары кездесуге барудан қорықты. Сақал алмай барса, мәселе туындауы мүмкін екенін ескерткен. Кездесуге бірнеше студент қана барды. Сол себепті елшіліктегілер бірнеше адам ғана зардап шеккен деп есептеді, бірақ олар өте көп» дейді студенттердің бірі.

Амурдағы Комсомольск қаласындағы оқиғадан соң Тәжікстан сыртқы істер министрлігі Ресейдің Душанбедегі елшісін шақырдды. СІМ өкілдері елшіге Ресейдегі жағдайға алаңдайтынын, оқиға әділ тексерілгенін қалайтынын айтты. Тәжістан омбудсмені де Ресей билігіне осындай ұсыныспен шықты.

Кейінгі уақытта Ресейдің түрлі өңірлерінде тәжік мигранттарын қайта-қайта ұстап жатыр. Әлеуметтік желі қолданушылардың бірқатары оны тәжік мигранттарына қарсы бағытталған науқанның бір бөлігі деп есептейді. Ресей билігі еңбек мигранттарына қысым жасау себебін түсіндірмей отыр.

Источник

KAZAKBOL.COM
Вам также могут понравиться

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.

Уважаемые посетители KAZAKBOL.COM ! Оставляя комментарии, проявляйте уважение и терпимость к мнению других пользователей. Сообщений, приводящих к разжиганию конфликтов, расистских высказываний, провокаций, оскорблений и дискуссий, не относящихся к теме статьи будут удаляться. Ссылки на сторонние ресурсы в комментариях запрещены. Подобные сообщения будут удаляться, а их авторы будут забанены.Мы не несем ответственность за форму и характер выставляемых комментариев.

KAZAKBOL.COM