Новости Казахстана, Новости России и мира,Обновляемая лента новостей

Қостанайда ақшаға қызыққан күдікті зейнеткерді аяусыз өлтіріп тастады

KAZAKBOL.COM

Лисаковта 86 жастағы тұрғынның өз үйінен мүрдесі табылды. Кейін анықталғандай, марқұмды жуынатын бөлмесінде өлтіріп кеткен. Оны балғамен ұрып, жастықпен тұншықтырып, пышақ жұмсаған.

Ауыр қылмысқа барған күдікті қолға түсті деп хабарлайды Қостанай таңы басылымы.

«Тергеу нәтижесі бойынша, оның қолды қанға малуына пайдакүнемдік пиғылы себеп болған. Ол бұған дейін зейнеткердің пәтеріне жөндеу қызметін көрсетуге келіпті. Сол кезде қаскүнем марқұмның «қызметкермен» есептесер кезінде ақшаны қайдан алып жатқанын көрген… Ақыры құрбанының бар ақшасын қалтаға басыпты», — дейді Лисаков қаласының прокуроры Еркін Тайкешов.

Қылмыс жасаған соң ол үшінші қабаттың терезесінен секіріп кеткен. Сол кезде мас болса керек. Салдарынан омыртқасы екі жерден сынған. Екі күн бойы сол сынған омыртқамен тығылып жатқан.

Қазіргі уақытта ол жүре алмайды, тергеу изоляторының медициналық бөлімінде қамауда.

KAZAKBOL.COM
Вам также могут понравиться

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.

Уважаемые посетители KAZAKBOL.COM ! Оставляя комментарии, проявляйте уважение и терпимость к мнению других пользователей. Сообщений, приводящих к разжиганию конфликтов, расистских высказываний, провокаций, оскорблений и дискуссий, не относящихся к теме статьи будут удаляться. Ссылки на сторонние ресурсы в комментариях запрещены. Подобные сообщения будут удаляться, а их авторы будут забанены.Мы не несем ответственность за форму и характер выставляемых комментариев.

KAZAKBOL.COM