Новости Казахстана, Новости России и мира,Обновляемая лента новостей

Тәжікстан: Ақша төлеген жігіттер екі жылдың орнына бір ай әскери борышын өтей алады(видео)

KAZAKBOL.COM

1 сәуірден бастап Тәжікстанда әскерге шақыру маусымы басталған. Билік әскерге барғысы келгендер саны көбейгенін айтса, әлеуметтік желілерде жастарды мәжбүрлеп әкетіп жатқан видеолар тарап жатыр.

«Азаматтардың еркіндігі кеңсесі» қоғамдық ұйымының төрайымы Дилрабо Самадова соңғы аптада шағымданып келушілер саны өскенін айтады.

«Жоғары оқу орындарында соңғы курста оқитындар келіп жатыр. Олардың айтуынша, әскери комиссариат өкілдері армияда қызмет етіп жүріп, диплом алуға болатынын айтқан. Біз оларға мұндай заң жоқ екенін ескертіп жатырмыз»,- дейді құқық қорғаушы.

Дилрабо Самадованың айтуынша, отан алдында әскери борышын өтеу әрбір ер азаматтың парызы. Бірақ бұл мәжбүрлі түрде жүрмеуі тиіс. Ол сонымен бірге ақша төлегендер, әскери борышын өтеуден толық құтылдым дегенді білдірмейді дейді.

Былтыр Тәжікстанда «Әскери қызметтегі әскери міндеттер туралы» заң қабылданған. Оған сәйкес, ақша төлеген ер азаматтар екі жылдың орнына бір ай қызмет ете алады.

Былтыр ақылы әскери қызмет еткісі келгендер 28 мың сомони (2200 доллар шамасы) төлеген. Бұл мүмкіндікті 600 адам пайдаланып, бір ай қызмет етіп, әскери билет алған.

Тәжікстанда жылына екі рет — көктем және күзде 18-ден 27 жасқа дейінгі ер азаматтар әскери қызметке шақырылады.

Источник

KAZAKBOL.COM
Вам также могут понравиться

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.

Уважаемые посетители KAZAKBOL.COM ! Оставляя комментарии, проявляйте уважение и терпимость к мнению других пользователей. Сообщений, приводящих к разжиганию конфликтов, расистских высказываний, провокаций, оскорблений и дискуссий, не относящихся к теме статьи будут удаляться. Ссылки на сторонние ресурсы в комментариях запрещены. Подобные сообщения будут удаляться, а их авторы будут забанены.Мы не несем ответственность за форму и характер выставляемых комментариев.

KAZAKBOL.COM