Новости Казахстана, Новости России и мира,Обновляемая лента новостей

Тәжікстан Ауғанстанға көмек көрсету үшін логистикалық қызметін ұсынуға дайын

KAZAKBOL.COM

Тәжікстан Ауғанстанға халықаралық көмек көрсету үшін өзінің ауқымды логистикалық мүмкіндіктерін ұсынуға дайын, деп мәлімдеді президент Эмомали Рахмон. Ол 4 қарашада он елдің жаңа елшілеріне сенім грамоталарын тапсырды.

«Ауғанстандағы терең саяси, әскери, экономикалық және әлеуметтік дағдарыс халықаралық қауымдастықты алаңдатып қана қоймай, аймақтың мазасыздануына себеп болды», деп мәлімдеді Тәжікстан басшысы. Президент баспасөз қызметінің хабарлауынша, Рахмон «көрші елге халықаралық көмек көрсету үшін Тәжікстан өзінің ауқымды логистикалық мүмкіндіктерін ұсынуға әзір» екенін мәлімдеді.

Тәжік президентінің мәлімдеуінше, Ауғанстан аумағы әлі де болса қауіп ошағы болып тұр, ал онымен ортақ шекарасы бар Тәжікстан сол қауіпке қарсыласудың авангардында қалды.

Тәжікстан — Кабулдағы қазіргі билікті ешқашан мойындамайтынын ашық мәлімдеген Ауғанстанның жалғыз ғана көршісі. Президент Эмомали Рахмон тәліптердің Ауғанстандағы этникалық тәжіктер құқығын ескермегені үшін талай рет сынады.

«Талибан» радикал қозғалысы Душанбеге Ауғанстанның ішкі ісіне араласудың арты жақсылыққа апармайтынын ескерткен. Кейін «Талибан» қозғалысының басшылығы Тәжікстанмен қарым-қатынас орнатуға әзір екенін мәлімдеген.

Источник

KAZAKBOL.COM
Вам также могут понравиться

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.

Уважаемые посетители KAZAKBOL.COM ! Оставляя комментарии, проявляйте уважение и терпимость к мнению других пользователей. Сообщений, приводящих к разжиганию конфликтов, расистских высказываний, провокаций, оскорблений и дискуссий, не относящихся к теме статьи будут удаляться. Ссылки на сторонние ресурсы в комментариях запрещены. Подобные сообщения будут удаляться, а их авторы будут забанены.Мы не несем ответственность за форму и характер выставляемых комментариев.

KAZAKBOL.COM