Новости Казахстана, Новости России и мира,Обновляемая лента новостей

Тәжікстан білікті мамандардың жаппай шетелге кетуінен шамамен 80 млрд доллардан айрылған

KAZAKBOL.COM

Білікті мамандардың жаппай шетелге кетуінен Тәжікстан экономикасы шамамен 80 млрд доллардан айрылған. Елде мұндай үдерісті тоқтату үшін ешқандай шара қолданылмай отыр. Бұл уақытта Ресей кәсіби білігі жоғары мамандарды шақырып, оларға жағдай жасап беріп отыр.

Мамандардың жаппай елден кетуі мәселесі Душанбеде өткен дөңгелек үстел отырысында сөз болды.

Экономика және демография институты көші-қон бөлімінің жетекшісі Әнуар Бобоевтың айтуынша, елден бір маман кеткен уақытта мемлекет 300 мың доллардан айрылады. 266 мың маманның шетелге кетуінен Тәжікстан экономикасы 79 миллиард 800 миллион доллардан айрылған.

Дөңгелек үстел отырысында әсіресе елдегі медицина қызметкерлері шетелге кетіп жатқаны айтылды. Қазір Ресейде ондаған мың тәжік дәрігері жұмыс істейді. Федерация оларға жағдай жасап отыр. Мамандар дәрігерлердің елден кетуіне төмен жалақы ғана емес, басқа да жағдайлар себеп болғанын айтты.

Тәжік дәрігерлерінің шетел асуы толастамай тұр, өйткені елдегі қиыншылық жыл өткен сайын артып барады.

«Тәжікстандағы дәрігерлердің Ресей мен басқа да елдерге кетуінің негізгі себебі — төмен жалақы. Бұған қоса, өрт сөндіру, СЭС, мемлекеттік фармацевтика қызметтері және басқа да мекемелер негізсіз тексере береді. Олар жұмыс істеуге кедергі жасайды» дейді Ресейде тұратын тәжік дәрігері Хуршед Зарипов.

Тәжікстан аймақтарында дәрігер тапшы. 2020 жылы билік елге 6 мың дәрігер мен медбике жетіспейтінін хабарлаған. Душанбеде дөңгелек үстел басына жиналғандар қалыптасқан жағдайды дағдарыс емес, апат деп атады.

Источник

KAZAKBOL.COM
Вам также могут понравиться

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.

Уважаемые посетители KAZAKBOL.COM ! Оставляя комментарии, проявляйте уважение и терпимость к мнению других пользователей. Сообщений, приводящих к разжиганию конфликтов, расистских высказываний, провокаций, оскорблений и дискуссий, не относящихся к теме статьи будут удаляться. Ссылки на сторонние ресурсы в комментариях запрещены. Подобные сообщения будут удаляться, а их авторы будут забанены.Мы не несем ответственность за форму и характер выставляемых комментариев.

KAZAKBOL.COM