Новости Казахстана, Новости России и мира,Обновляемая лента новостей

Тәжікстан электр қуатының ақысын Кабулдан ала алмай жүр

KAZAKBOL.COM

«Барки Точик» тәжік холдингі басшысының айтуынша, ауған банктеріне санкция салынуы байланысты Душанбе электр қуатының ақысын Кабулдан ала алмай жүр.

Тәліптер Ауғанстанда билікті басып алған соң «Талибанға» қарсы қолданылған шектеулер электр қуаты ақысын төлеуді қиындатып жіберді. Тәжік холдингі мен «Брешна» ауған энергетика компаниясы осы мәселені бір жылдан бері шеше алмай жүр.

«Барки Точик» компаниясының басшысы Махмадумар Асозода 1 тамыздағы баспасөз конференциясында Тәжікстан 2022 жылдың алғашқы жартысында Ауғанстанға 734 млн кВтс электр қуатын бергенін айтты.

«Электр қуаты үшін берешек 28 млн доллар болды. Маусым айында 2 млн доллары ғана төленді», — дейді Асозода.

Тәліп үкіметіндегі энергетика министрлігі биыл мамыр айында Ауғанстан Тәжікстан мен Өзбекстанға электр қуаты үшін 100 млн доллар қарыз екенін мәлімдеген.

Источник

KAZAKBOL.COM
Вам также могут понравиться

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.

Уважаемые посетители KAZAKBOL.COM ! Оставляя комментарии, проявляйте уважение и терпимость к мнению других пользователей. Сообщений, приводящих к разжиганию конфликтов, расистских высказываний, провокаций, оскорблений и дискуссий, не относящихся к теме статьи будут удаляться. Ссылки на сторонние ресурсы в комментариях запрещены. Подобные сообщения будут удаляться, а их авторы будут забанены.Мы не несем ответственность за форму и характер выставляемых комментариев.

KAZAKBOL.COM