Новости Казахстана, Новости России и мира,Обновляемая лента новостей

Тәжікстан Сауд Арабия рұқсат еткеніне қарамастан азаматтарын кіші қажылыққа жібермей жатыр

KAZAKBOL.COM

Сауд Арабиясы вакцина алған шетел азаматтарына кіші қажылық жасауға рұқсат берді. Бірақ тәжік билігі соған қарамастан рұқсат бермей жатыр деп шағымданады тәжікстандықтар.

Сауд Арабиясына Pfizer-BioNTech, Oxford-AstraZeneca немесе Moderna вакцинасының екі компонентін, болмаса Johnson & Johnson екпесінің бір компонентін алған шетелдіктер бара алады. Бұл вакциналарды ресми Эр-Рияд мақұлдаған. Бірақ жергілікті БАҚ ресейлік «Спутник V» вакцинасын салдырғандарға да жаңа жылдан бастап рұқсат етіледі деп жазып жатыр.

Алайда соған қарамастан Тәжікстанның дін істер жөніндегі комитеті қажылыққа бару жөніндегі азаматтардың өтінішін қарауға асығар емес. Осылай деп жергілікті тұрғындар шағымданады. Ал аталған мекеменің баспасөз хатшысы Афшин Муким коронавирусқа қарсы тұру жөніндегі республикалық штабының нақты шешімін күтіп отырмыз деп жауап берді.

Өзбекстан мен Қырғызстан азаматтарына биыл 10 қазаннан бастап Мекке және Мединеге баруға рұқсат еткен.

Тәжікстанда пандемияға дейін жыл сайын кемінде 6 мың адам үлкен қажылыққа, 3 мың адам кіші қажылыққа баратын.

Источник

KAZAKBOL.COM
Вам также могут понравиться

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.

Уважаемые посетители KAZAKBOL.COM ! Оставляя комментарии, проявляйте уважение и терпимость к мнению других пользователей. Сообщений, приводящих к разжиганию конфликтов, расистских высказываний, провокаций, оскорблений и дискуссий, не относящихся к теме статьи будут удаляться. Ссылки на сторонние ресурсы в комментариях запрещены. Подобные сообщения будут удаляться, а их авторы будут забанены.Мы не несем ответственность за форму и характер выставляемых комментариев.

KAZAKBOL.COM