Новости Казахстана, Новости России и мира,Обновляемая лента новостей

Тәжікстанда бір отбасынан төрт бірдей адамды өлтіріп кетті

KAZAKBOL.COM

Тәжікстанның оңтүстігіндегі Жайхун ауданында бір отбасынан төрт адамды, оның ішінде үш баланы өлтіріп кеткен. Бұл туралы Азаттықтың тәжік қызметі аудандық милиция бөліміндегі бұлақтарына сүйеніп хабарлады.

Мәліметке қарағанда, қылмыстық оқиға 12 маусым күні Жайхун ауданындағы Таргок ауылында болған.

Жергілікті тұрғындар қайтыс болған адам саны төртеуден көп болуы мүмкін дейді.

«Олардың бәрін балтамен өлтірген. 39 жастағы үй иесі фермер болған. Қазір аймақта милиция қызметкерлері көп жүр. Ауыл қоршауға алынды, ешкімді кіргізбейді және шығармайды», — дейді тұрғындардың бірі.

Тәжікстанның ішкі істер министрлігі (ІІМ) аталған аймақта қылмыс болғанын растап, бірақ мән-жайды кейін хабарлайтынын жеткізді.

Источник

KAZAKBOL.COM
Вам также могут понравиться

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.

Уважаемые посетители KAZAKBOL.COM ! Оставляя комментарии, проявляйте уважение и терпимость к мнению других пользователей. Сообщений, приводящих к разжиганию конфликтов, расистских высказываний, провокаций, оскорблений и дискуссий, не относящихся к теме статьи будут удаляться. Ссылки на сторонние ресурсы в комментариях запрещены. Подобные сообщения будут удаляться, а их авторы будут забанены.Мы не несем ответственность за форму и характер выставляемых комментариев.

KAZAKBOL.COM