Новости Казахстана, Новости России и мира,Обновляемая лента новостей

Тәжікстанда жас жұбайлардың өлімі зерттеліп жатыр

KAZAKBOL.COM

Тәжікстанның Хатлон облысында жас жұбайлардың өлімі зерттеліп жатыр. 27 наурызда таңертең Вахш ауданындағы Якатут ауылында үш күн бұрын шаңырақ көтерген Шарифбек Зиёев пен Гулхавас Шоева асылып қалған күйінде табылған.

Марқұм Шарифбектің бауыры Сафархужа жас жұбайлардың денесін сарайдан тапқанын айтқан.

«Сол күні олар бөлмесінен шыққан жоқ. Біз ұйықтап жатыр екен деп ойладық. Біраз уақыттан кейін екеуінің денесі асылып тұрған жерінен табылды», — деді ол.

Вахш аудандық прокуратурасы бұл оқиға бойынша тергеу басталғанын жеткізді.

«Әдетте қылмыстық іс барлық сараптамалар аяқталғаннан кейін, күдіктілер анықталған соң қозғалады. Бір қарағанда, бұл оқиға суицидке ұқсайды, бірақ суицид деп табу үшін дәлелдер жеткіліксіз», — деді мекеме өкілі.

Марқұм Гулхавастың әкесі Махмадзохир Шоев жас жұбайлардың бөлмесінен өлер алдындағы жазылған хат табылғанын жеткізді.

«Прокуратурадан маған ол хаттың көшірмесін көрсетті. Онда «бізді кешіріңдер, біз бұдан әрі өмір сүргіміз келмейді, жанымызды қиюды шештік» деп жазылған. Шарифбектің туыстары оның қол жазбасымен танысыпты», — деді Шоев.

Прокуратура бұл хат сараптамаға жіберілді деді.

26 жастағы Шарифбек Зиёев пен 17 жастағы Гулхавас Шоева биыл 24 наурызда бас қосқан. Олар бұған дейін таныс болмаған, ата-аналарының айтуымен үйленген.

Источник

KAZAKBOL.COM
Вам также могут понравиться

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.

Уважаемые посетители KAZAKBOL.COM ! Оставляя комментарии, проявляйте уважение и терпимость к мнению других пользователей. Сообщений, приводящих к разжиганию конфликтов, расистских высказываний, провокаций, оскорблений и дискуссий, не относящихся к теме статьи будут удаляться. Ссылки на сторонние ресурсы в комментариях запрещены. Подобные сообщения будут удаляться, а их авторы будут забанены.Мы не несем ответственность за форму и характер выставляемых комментариев.

KAZAKBOL.COM