Новости Казахстана, Новости России и мира,Обновляемая лента новостей

Тәжікстаннан Ауғанстанға былтыр 56 млн долларға электр энергиясы экспортталған

KAZAKBOL.COM

Тәжікстанның «Барки точик» энергохолдингі 2021 жылы Ауғанстанға 56 миллион долларға 1 миллиард 257 миллион кВт/сағат электр энергиясы экспортталғанын жеткізді.

«Ауғанстанға электр энергиясын экспорттау әлеуметтік мәнге ие. Көрші өлкедегі жағдай қауіп туғызып жатыр. Ол жақта экономикалық және әлеуметтік мәселелер тереңдеп жатыр»,- деді Тәжікстанның энергетика және су ресурстары министрі Далер Жума 31 қаңтардағы баспасөз мәслихатында.

Тәжікстан әлемнің басқа елдері секілді «Талибан» қозғалысы құрған Ауғанстандағы үкіметті таныған емес, бірақ бұрынғыдай бұл өлкеге электр энергиясын жеткізуді жалғастырып келеді.

Былтыр 27 желтоқсанда Ауғанстанның энергетикалық «Брешна» компаниясы Тәжікстанның «Барки точик» энергохолдингі мен 2022 жылдың аяғына дейін Ауғанстанға электр қуатын жеткізу бойынша келісімге қол қойылғанын мәлімдеген.

«Барки точик» басшысы Махмадумар Асозоданың сөзінше, бүгінгі күні «Брешна» компаниясының электр энергиясы үшін Тәжікстанға қарызы 33 миллион доллардан асады.

«Біз қарызды қайтару бойынша бұл компаниямен келіссөз жүргізіп келеміз. Қазір оларда ақша аудару бойынша шектеулер бар. Қаңтарда «Барки точик» компаниясына 2 миллион төлеп берген, келесі айда қарызды толық жабу мәселесі қаралып жатыр»,- деді Асозода.

Ресми мәліметке сәйкес, Тәжікстан өткен жылдың 11 айында жалпы 93,5 миллион долларға электр энергиясын экспорттаған. Бұл 2020 жылдың 11 айымен (40,5 миллион доллар) салыстырғанда екі есеге көп. Тәжікстан Ауғанстаннан бөлек Өзбекстанға да электр энергиясын экспорттайды.

Источник

KAZAKBOL.COM
Вам также могут понравиться

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.

Уважаемые посетители KAZAKBOL.COM ! Оставляя комментарии, проявляйте уважение и терпимость к мнению других пользователей. Сообщений, приводящих к разжиганию конфликтов, расистских высказываний, провокаций, оскорблений и дискуссий, не относящихся к теме статьи будут удаляться. Ссылки на сторонние ресурсы в комментариях запрещены. Подобные сообщения будут удаляться, а их авторы будут забанены.Мы не несем ответственность за форму и характер выставляемых комментариев.

KAZAKBOL.COM