Новости Казахстана, Новости России и мира,Обновляемая лента новостей

Өзбекстанда мақта теру кезінде бір адам қайтыс болды

KAZAKBOL.COM

15 қазанда Әндіжан облысындағы мақта алқабында 56 жастағы Орифжон Солиев қаза тапты. Куәгерлердің айтуынша, Солиев мақта теруге шыққан бірінші күні жүрегі ауырып, қаза тапқан.

Қайғылы оқиға 15 қазанда болған.

«Біз көрші егістікте мақта теріп жүргенбіз. Шамамен таңғы сағат 10.00 болатын. Мен Орифті жақсы танушы едім. Ол Пахтаабад ауданында қаржы бөлімінде күзетші болып жұмыс істеген. Мақта теруге оларды мәжбүрлеп 14 қазанда әкелді. Келесі күні алқабқа шықты. Мақта теріп жүрген кезінде жүрегі бірден әлсіреп кетті. Жедел-жәрдем шақырдық. Бірақ дәрігерлер келгенше, көз жұмды. Дәрігерлер жүрек талмасынан қаза тапқанын анықтады», – дейді марқұмның жолдасы.

Дәрігерлер Орифжон Солиевтің денесін сот-медициналық сараптамаға жібергенін хабарлады.

Бұл Өзбекстанда биылғы мақта теру кезінде адам шығыны болған бірінші оқиға емес. 10 қазанда 61 жастағы Ташкент облысының тұрғыны Юлдаш Ашуров та мәжбүрлі мақта теруге жіберу кезінде, жүрегі әлсіреп, қаза тапқан.

centralasian.org

KAZAKBOL.COM
Вам также могут понравиться

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.

Уважаемые посетители KAZAKBOL.COM ! Оставляя комментарии, проявляйте уважение и терпимость к мнению других пользователей. Сообщений, приводящих к разжиганию конфликтов, расистских высказываний, провокаций, оскорблений и дискуссий, не относящихся к теме статьи будут удаляться. Ссылки на сторонние ресурсы в комментариях запрещены. Подобные сообщения будут удаляться, а их авторы будут забанены.Мы не несем ответственность за форму и характер выставляемых комментариев.

KAZAKBOL.COM