Новости Казахстана, Новости России и мира,Обновляемая лента новостей

Түрік «Хатикосы» қаза тапқан қожайынын күтіп, жарылыс орнынан кетпей жүр (фото)

KAZAKBOL.COM

Зейтин. Фото: muslim.kz

Қожайынына адалдық танытып, тоғыз жыл бойы теміржол бекетінде күткен атақты Хатико (иттің аты) тарихы бауырлас түрік елінде де қайталанып отыр деп хабарлайды muslim.kz.

5-қаңтар күні Измир қаласындағы сот ғимаратында орын алған жарылыстан қаза тапқан Фетхи Секин есімді азаматтың «төрт аяқты досы» қожайынын іздеп, оқиға орнынан кетер емес.

Зейтин деп аталып кеткен бұл иттің жарылыс орнын тапжылмағанына осымен бесінші күн болған. Измир тұрғындарының айтуынша, сот ғимаратында қарауыл болып қызмет атқаратын Фетхи Секин үнемі иесіз қалған итті тамақтандырып, оған қамқорлық жасап тұрған.

Зейтин. Фото: 1NEWS.az

Марқұмның мейірімділігіне адалдықпен жауап қайтарған Зейтиннің қашанға дейін аза тұтары белгісіз…

Зейтин. Фото: 1news.az

Айта кетейік, жарылыс болған күні Зейтин де сол жерде болған. Бақылау камераларында байқалғандай, бірден қаза тапқан қожайынына ұмтылған төбет таңғажайып түрде тірі қалған екен.

KAZAKBOL.COM
Вам также могут понравиться

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.

Уважаемые посетители KAZAKBOL.COM ! Оставляя комментарии, проявляйте уважение и терпимость к мнению других пользователей. Сообщений, приводящих к разжиганию конфликтов, расистских высказываний, провокаций, оскорблений и дискуссий, не относящихся к теме статьи будут удаляться. Ссылки на сторонние ресурсы в комментариях запрещены. Подобные сообщения будут удаляться, а их авторы будут забанены.Мы не несем ответственность за форму и характер выставляемых комментариев.

KAZAKBOL.COM