101 раушан — осынша гүлді тәжік журналисі Сурайё Шуджоат Душанбе қаласының ер азаматтарына таратты. «Гүлді әйеліңізге сыйлық, оны сүйетініңізді айтыңыз»,- деген кеңес берді журналист.
Гүл — отбасындағы зорлықпен күресудің ең тиімді тәсілі дейді Сурайё. Ол раушан гүлдерін «Әйелдерге қарсы зорлықпен күресудің 16 күні» халықаралық акциясы аясында таратты. Бұл акцияны БҰҰ өткізіп жатыр.
Сурайё мен оның күйеуі – танымал журналист Жума Мирзо Душанбе көшелерінде 101 раушан гүлін таратты.
Сурайёнің айтуынша, гүлді ер азаматтардың барлығы алғысы келмеген. «Әйелге гүл сыйлауды әлі білмейміз», — деп өкінді ол.
KAZAKBOL.COM