Тәжікстан парламенті 17 қазанда «Жылжымайтын мүлікті кепілге қою туралы» заңды қабылдады. Заңға жаңа өзгертулерге сәйкес, банктер мен несие мекемелері борышкер мүлкін сотсыз алып қоя алады.
Заң жобасын парламентке таныстырған Тәжікстан Ұлттық банкінің төрағасы Жамшед Нұрмұхаммадзоданың айтуынша, енді борышкерлер мүлкі Интернеттің электронды базасына шығарылып, мүлікті сату процедурасы жеңілдетіледі.
Заңға өзгертулерге сәйкес, несие беруші сотсыз борышкер мүлкін сатып, өз ақшасын қайтара алады.
Тәжік парламенті төменгі палатасының спикері Шукуржон Зухуровтың мәлімдеуінше, Тәжікстанда банк саласындағы дағдарысқа екі жыл болды, қабылданған заң осы саладағы мәселелерді шешуге көмектеседі.
2015 жылы Тәжікстанда бірнеше банк қаржы дағдарысына тап болып, салымшыларының қарыздарын өтеп бере алай отыр.
KAZAKBOL.COM