Новости Казахстана, Новости России и мира,Обновляемая лента новостей

Винтоверт DeWalt PowerStack DCF850E1T-QW АКБ и ЗУ в комплекте

Винтоверт DeWalt PowerStack DCF850E1T-QW АКБ и ЗУ в комплекте

Тәжікстан бес жасар қызды өлтірген қылмыскердің қатаң жазалануын талап етеді

KAZAKBOL.COM

Ресейдің Серпухово қаласында азаптап өлтірілген бес жастағы Хувайдо Тиллозоданың өлімі Тәжікстан қоғамының ашу-ызасын туғызып отыр деп мәлімдеді Тәжікстанның сыртқы істер министрлігі.

Тәжікстан сыртқы саясат мекемесінің хабарлауынша, айуандықпен жасалынған қылмыстың жіті тергеліп, қылмыскердің қатаң жазалануын талап етілген нота Ресейдің сыртқы істер министрлігіне жіберілген.

Бес жасар тәжік қызы Хувайдоның денесі 23 шілде күні Мәскеу облысы Серпухово қаласының теміржол станциясы маңында табылған. Ресей ақпарат құралдарының ақпараты бойынша, Хувайдо 22 шілдеде үйінің есігі алдында ойнап жүріп, жоғалып кеткен. Оның денесі келесі күні теміржол бойында жатқан спорт сөмкесі ішінен табылған. Сот-медициналық сараптама нәтижесі бойынша бес жасар сәби зорланып, пышақ жарақатынан қаза болған.

Тергеу комитетінің Мәскеу облысы бойынша басқармасы қылмысты жасады деген күдікпен қыздың әке-шешесінің көршісі, 28 жастағы Александр Семиннің ұсталғанын мәлімдеді.

Марқұм сәбидің әкесі Абдусалом Саидов қызды өзі дүкенге кіріп кеткенде, ал әйелі кіші қызын қарауға кеткенде ұрлап кеткенін айтады. «Кешкі бес шамасында болды. Қызды 5-10 минөт ішінде ұрлап әкетті… Оның денесін таңғы сағат төртте тапты», — дейді Абдусалом Саидов.

Ал бұл уақытта Ресейдегі Тәжікстан елшілігі Хувайдоның денесін отанына жөнелту үшін, тиісті құжаттар әзірленіп жатқанын хабарлады.

centralasian.org

KAZAKBOL.COM

Milwaukee M18 FUEL FPD3-0X ударная дрель-шуруповерт

Вам также могут понравиться

MAKITA DF001GZ, АКБ и ЗУ в комплекте

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.

Уважаемые посетители KAZAKBOL.COM ! Оставляя комментарии, проявляйте уважение и терпимость к мнению других пользователей. Сообщений, приводящих к разжиганию конфликтов, расистских высказываний, провокаций, оскорблений и дискуссий, не относящихся к теме статьи будут удаляться. Ссылки на сторонние ресурсы в комментариях запрещены. Подобные сообщения будут удаляться, а их авторы будут забанены.Мы не несем ответственность за форму и характер выставляемых комментариев.

KAZAKBOL.COM