Тәжікстанның оңтүстігіндегі Хатлон облысының тергеу органдары Хамадони ауданының тұрғыны Арус Раззокованың өліміне қатысты қылмысты тергеп жатыр. Оны Ресейден оралған күйеуі қызғаныштан өлтірген.
«18 маусымда аудан орталығында кісі өлімі тіркелді. Арус Раззокованың күйеуі Фаррух Халифаев отбасылық жанжал кезінде 11 рет пышақ салған», — деді облыстық тергеу органындағы дереккөз.
Оның айтуынша, жанжал қызғаныштан тұтанған. Қылмыс жасаған соң Фаррух Халифаев милицияға өз еркімен берілген. 42 жастағы Халифаев соңғы жылдары Ресейде жұмыс істеген. Отбасында төрт бала бар.
Халифаевқа қарсы қылмыстық іс қозғалды.
Еске салайық, маусым айының басында Душанбе қаласында 33 жастағы Мохира Ятимованы бұрынғы күйеуі Бободжон Ширинов өлтірген. Бұрынғы жоғары лауазымды шенеуніктің ұлы отбасылық жанжал кезінде әйеліне 11 мәрте пышақ сұғып, қашып кеткен.
KAZAKBOL.COM