Тәжікстанның Бас прокуратурасы биыл алғашқы жарты жылда адам саудасымен айналысты деп айыпталған 30 адамға қатысты қылмыстық іс қозғаған.
Осы уақыт аралығында Денсаулық сақтау министрлігінің әлеуметтік мекемелеріне аналары бас тартқан 51 бала түскен.
Бала асырап алудың жұмысы қиын екендігіне байланысты баласыз отбасылар заңды бұзуға мәжбүр болады, деп есептейді адам құқығын қорғаушылар.
Бас прокуратура мәліметі бойынша, биыл адам саудасына қатысты айыппен 30 адамға қатысты он қылмыстық іс қозғалған. Олардың жиырмадан астамы бала саудалады деп айыпталған.
Баласыз отбасылардың көбі туыстары мен таныстарының балаларын асырап алады. Кейін бұл жағдай сот процестерінде талқыланады.
«Фемида» бала құқығын қорғау ұйымының жетекшісі Саноат Солиеваның айтуынша, бала асырап алу шарттарын жеңілдеткен жағдайда «бала саудасы» көрсеткіші азаюы мүмкін.
KAZAKBOL.COM