Новости Казахстана, Новости России и мира,Обновляемая лента новостей

ТАҒЫ ДА ДЕВАЛЬВАЦИЯ БОЛА МА?


Тағы да Девальвация болатыны рас па?  «Ақша құнсызданбайды» деп елді сендіріп келіп, соңында девальвация болғанын ұйқыдан тұрып елмен бірге естідім деп, елдің есінде тек уәде берумен қалған Келімбетовтың әрекетінен кейін халық кімге сенерін білмей жүр. Ұлттық банктің қазіргі басшысы Ерболат Досаев ақыры  ел арасында тараған қауесетке жауап берді. Ал Қаржы министрлігі жұрттың ұялы телефон арқылы жасайтын ақша аударымдарын тексеретін тетік ойластырып жатқан көрінеді. Соған қарағанда Үкімет салықтан түсетін табыстың есебін шығара алмай жатқан сияқты.  Бұл туралы Еуразия бірінші арнасы хабарлайды.

Бұған дейін ел арасында тараған сыбыс бүгін Мәжіліс қабырғасында ресми түрде айтылып, талқыға түсті. Қаржы министрлігі ұлттық банкпен бірлесіп, жұрттың ұялы телефон арқылы, яғни банктердің мобилді қосымша арқылы жасаған ақша аударымдарын тексеруді ойластырып жатыр екен. Олардың пайымынша, көптеген кәсіпкерлер осындай жүйе арқылы қаржы айналымын жасырып, салықтан жалтаруы мүмкін.

ЕРБОЛАТ ДОСАЕВ, ҰЛТТЫҚ БАНК ТӨРАҒАСЫ:
«Қаржы министрлігітелефон, карта арқылы жасалатын ақша аударымдарына салық салады деп ойламаймын. Тек осы төлемдерден салық төленіп-төленбегенін көріп отырғысы келеді. Бұл мәселені ұлттық банк пен қаржы министрлігі бірлесіп қарап жатыр. Қолма-қол ақшасыз төлем жасау көлемі ұлғайса, бюджетке түсетін кіріс те артуы керек деп ойлаймын. Бұл қалыпты нәрсе, себебі ақша көлеңкелі экономикадан шығады».

Бұл талап тек қызыл түсті жақсы көретін банктерге ғана емес, барлық банктерге қатысты болмақ. Әрине, егер оларда осындай ұялы телефонмен ақша аударатын жүйе болса…  Бірақ Қаржы министрлігінің бұл бастамасы экономикадан хабары бар кейбір депутаттарға ұнамай отыр. Азат Перуашевтің сөзінше, карточканы пайдаланып, оның мобилді қосымшасымен ақша аударатындардың дені қарапайым тұрғындар. Олар күнделікті азық-түлік, дәрі-дәрмек сатып алып, коммуналдық төлемдер  үшін қолданады.

АЗАТ ПЕРУАШЕВ, ҚР ПАРЛАМЕНТІ МӘЖІЛІСІНІҢ ДЕПУТАТЫ
«Қарапайым тұрғындардың арасында миллиондап ақша аударып жатқан өте аз. Бір пайызға жетер жетпес. Сондықтан, ат төбеліндей қалталы азаматтар үшін өз нанын өзі тауып жеп жүрген қарапайым жұрттың мазасын алудың қажеті қанша. Онсыз да несиеге батып жүр. Ендеше, қаржысын көлеңкелі жолмен жымқырып жатқандарды қараша халық арасынан емес басқа жолмен іздеңіздер».

Сондай-ақ, еліміздің бас банкирі Ерболат Досаев ел арасындағы девальвацияға қатысты тараған қауесетке де өте сенімді жауап берді. Қазір, ұлттық банктің ресми сайтында теңге бағамы долларға шаққанда  388 теңгені көрсетіп тұр.

ЕРБОЛАТ ДОСАЕВ, ҚР ҰЛТТЫҚ БАНК  ТӨРАҒАСЫ:
«Ешқандай девальвацияға дайындық жоқ».

Иә,  кезінде Қайрат Келімбетовте ұлтық банкті басқарып тұрғанда  «девальвация болмайды» деп елді сендіріп,  өте сенімді сөйлеген еді. Артынан теңге құнсызданып, доллардың курсы күрт өзгергенде «менде елмен бірге түнде білдім» деп сасқан үйректің күйін кешкенін ел ұмытқан жоқ. Ал Ерболат Досаевтың девальвация туралы болжамы бұрынғы әріптестерінің қателігін қайталап жүрмесе болғаны.

Первый канал Евразия

KAZAKBOL.COM
Вам также могут понравиться

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.

Уважаемые посетители KAZAKBOL.COM ! Оставляя комментарии, проявляйте уважение и терпимость к мнению других пользователей. Сообщений, приводящих к разжиганию конфликтов, расистских высказываний, провокаций, оскорблений и дискуссий, не относящихся к теме статьи будут удаляться. Ссылки на сторонние ресурсы в комментариях запрещены. Подобные сообщения будут удаляться, а их авторы будут забанены.Мы не несем ответственность за форму и характер выставляемых комментариев.

KAZAKBOL.COM