Новости Казахстана, Новости России и мира,Обновляемая лента новостей

Тағы бір қазақстандық ғарышқа ұшуы мүмкін

KAZAKBOL.COM

Қазіргі кезде Ресей алты орындық ғарыш кемесін дайындап жатыр.

Бұл туралы ғарышкер-ұшқыш, «Қазақстан Ғарыш сапары» Ұлттық компаниясының вице-президенті Айдын Айымбетов Ақтөбедегі сапары кезінде мәлімдеді, — деп хабарлайды Baq.kz «Диапазон» сайтына сілтеме жасап.

Авиация генерал-майорының сөзіне қарағанда, Қазақстан «Байқоңыр» Ғарыш айлағындағы «Бәйтерек» ғарыш-кешенінде Ресеймен бірлесіп экологиялық таза жанармай — «керосин-кислородтың» көмегімен зымырантасығышын құрастырып жатыр.

«Қазіргі кезде Ресей алты орындық ғарыш кемесін дайындап жатыр. Қазақстан жерінен ғарышқа сапар жасайтын ғарышкерлер құрамында міндетті түрде қазақстандық ғарышкер болады. Мұндай жауапты істі атқаруға әр қашанда дайын тұратын мамандар табылады, ондай адам бізде көп» — дейді Айдын Айымбетов.

Естеріңізде болса, Айдын Айымбетов өзі «Союз-ТМА-18М» ғарыш кемесімен 2015 жылы 2 қыркүйекте ұшқан болатын.

KAZAKBOL.COM
Вам также могут понравиться

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.

Уважаемые посетители KAZAKBOL.COM ! Оставляя комментарии, проявляйте уважение и терпимость к мнению других пользователей. Сообщений, приводящих к разжиганию конфликтов, расистских высказываний, провокаций, оскорблений и дискуссий, не относящихся к теме статьи будут удаляться. Ссылки на сторонние ресурсы в комментариях запрещены. Подобные сообщения будут удаляться, а их авторы будут забанены.Мы не несем ответственность за форму и характер выставляемых комментариев.

KAZAKBOL.COM