Новости Казахстана, Новости России и мира,Обновляемая лента новостей

Талғат Жорабаев алғаш рет Төреғалимен арадағы кикілжің туралы айтты

KAZAKBOL.COM

Талғат Жорабаев алғаш рет Төреғалимен арада болған кикілжіңге қатысты пікір білдірді. Әншіге қоқан-лоққы көрсетіп, түрлі бейәдеп сөздер айтқан кісінің аудиосы таралап кеткен әнші болған жайт туралы өз ойын айтып берді.

Ол «Астана» арнасының «Ел аузында» бағдарламасына сұхбат берді.

Ол мәдениет саласының өкілдері өзін ел алдында қалай ұстай керектігін білуі керек деп санайды. Себебі, Төреғалидің басынан өткен жағдай бүкіл өнер адамдары үшін сабақ болды деген ойда.

Қателеспейтін жақ, сүрінбейтін тұяқ болмайды. Бірақ, бұл бәрімізге сабақ болды деп ойлаймын. Сол нәрсені жасамау керекпіз. Кейінгі келе жатқан жастарымызға үлгі болуы керекпіз. Көшенің әңгімесін сахнаға шығармауымыз керек. Біз мәдениетттің пұшпағын илеп жүргендіктен, мәдениеттің өкілі болғандықтан халық бізге қарап бой түзейді. Бала-шағаларын біздер секілді киіндіргісі келеді, ел алдында жүрген кісілер секілді болса екен деп ниеттенеді. Сондықтан елдің дбетке ұстары болып жүргеннен кейін біз үлгі көрсетіп жүретін адам болуымыз керек сияқты, — дейді әнші.

Сонымен бірге, ол Төреғали туралы өз ойын желіге ашық жазған кезде өзін қорқытқан кісі туралы да айта кетті. Атын атап, түсін түстегісі келмеген әнші «жабулы қазанның жабулы күйінде» қалғанын қалайтынын жеткізді.

Болды, иә. Ол (ред. — аудио) таралып кеткендіктен ұстай алмай қалдық. Таратайын деп таратқан жоқпын. Әпкем: «Талғат сол жазбаны алып тастай салшы» деді. Сондықтан әпкеме: «Алтынай тыңдап көрші, мына кісілер осылай деп жатыр. Ары қарай өз ойыңды айтасың» дедім. Сонымен Алтынай тыңдап, қатты ашуланып отырып құрбысына жіберіп қойыпты. Солай таралып кетті. Ұстай алмай қалдық, — деп ашығын айтты Талғат.

Алайда ол бұл тақырыпқа қайта оралғысы келмейтінін айтты.

«Енді ол нәрсені қазбалай берудің қажет жоқ сияқты. Аллаға тапсырдым. Бұл сөз ойланған, есті адамға үлкен философия. Біздің қолымыздан ештеңе келмейді. Сондықтан бұл үлкен сөз. «Жабулы қазан жабулы» болсын. Аузым бар екен деп, ондай сөздерді айту қажеті жоқ сияқты. Кім болса о болсын. «Атағың айға жетіп тұрса да, Алланың алдында дәрменсіз құл екеніңді ұмытпа» дейді ғой. Аузым бар деп балағат сөздер айту дұрыс емес. Сондықтан адам сәл тіліне, мәдениетіне сақ болуы керек», — деді әнші.

KAZAKBOL.COM
Вам также могут понравиться

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.

Уважаемые посетители KAZAKBOL.COM ! Оставляя комментарии, проявляйте уважение и терпимость к мнению других пользователей. Сообщений, приводящих к разжиганию конфликтов, расистских высказываний, провокаций, оскорблений и дискуссий, не относящихся к теме статьи будут удаляться. Ссылки на сторонние ресурсы в комментариях запрещены. Подобные сообщения будут удаляться, а их авторы будут забанены.Мы не несем ответственность за форму и характер выставляемых комментариев.

KAZAKBOL.COM